ҚР азаматтарының назарына!

ҚР азаматтарының назарына!

ҚР азаматтарының назарына!

Индонезияның Үкіметі ү.ж. 20 наурыздан бастап қысқа мерзімді сапарларға, келу визаларына, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне арналған визалық талаптардан босату саясатын 1 айға тоқтата тұруға шешім қабылдады.

Индонезияға келуге ниет білдірген адамдар келу мақсатын көрсете отырып, Индонезияның дипломатиялық өкілдіктерінде визаларды ресімдеуі тиіс. Виза ресімдеуге ниет білдірген адамдар денсаулықтарының жағдайы жөніндегі өз елдерінің денсаулық сақтау органдарымен берілген тиісті құжаттарды ұсынулары қажет.