
2020 жылғы 15 қаңтарда Жакарта қаласында Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамономен кездесті.
Кездесу барысында дипломаттар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан-Индонезия қарым-қатынастарын дамыту перспективаларын, оның ішінде ағымдағы жылы кезекті саяси консультациялар мен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 2-ші отырысын НұрСұлтан қаласында өткізу мәселелерін талқылады.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бірлескен күш салуға келісті.