Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Азаматтығын жоғалту – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:

  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
  • Егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
  • Егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;
  • Егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
  • Адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан жоғалтады.

          Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдеген азаматтар үшін:

  • өтініш (еркін нысанда);
  • ҚР азаматының паспорты. Егер паспорт болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме не аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады;
  • шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат.

Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:

Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):

  • аталған фактіні растайтын құжат;

Кәмелет жасқа толмаған баласы үшін ата-анасы (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған) құжат тапсырған жағдайда:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;
  • кәмелет жасқа толмаған баласының ҚР азаматтығын жоғалтуға нотариалды расталған екінші ата-анасының (ҚР азаматы болған жағдайда) келісімі.

ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдемеген азаматтар үшін:

  • хабарлама (қолмен толтыру қажет);
  • кәмелет жасқа толмаған бала үшін хабарлама (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған ата-анасы қолмен толтырады);
  • ҚР азаматының паспорты;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі;
  • ҚР азаматының паспорты және/немесе жеке куәлігі болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме немесе аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады (16 жасқа толмаған балаларда ҚР азаматының жеке куәлігі болмағаны үшін түсініктеме жазудың қажеті жоқ);
  • егер ҚР азаматы паспортына және/немесе ҚР азаматы жеке куәлігіне зақым келсе (жыртық, күйген, су тиген және т.б.) еркін нысанда түсініктеме;
  • шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат;

Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:

Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):

  • аталған фактіні растайтын құжат.

ЕСКЕРТПЕ: шет тілде жасалған құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармамен табыстауға міндетті. Шетелдік паспорттың аудармасы қажет емес.

-

  • Қызмет - тегін;
  • Анықтаманы беру – 50 АҚШ доллары.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Jalan Patra Kuningan Raya, Block M7, Kav. 1, Kuningan Timur, Setiabudi, Jakarta Selatan, Jakarta 12950

Телефон арқылы хабарласыңыз: +62 21 2520252/54, +62 812 11 00 1803 және / немесе электрондық пошта: jakarta@mfa.kz.

Дата публикации
23 мая 2025
Дата обновления
23 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 мая 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Ақпарат
23 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
27 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары