Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Индонезия Республикасына шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

·                  Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжаттары: туристік виза (B1) рәсімделген жағдайда елге кірген күннен бастап 30 күн күнтізбелік мерзімге рұқсат етіледі. Бір рет қана қосымша 30 күнге ұзартуға болады. Ұзарту виза мерзімі аяқталмай тұрып алдын ала https://evisa.imigrasi.go.id.

·                  Электронды виза (e-VOA): елге келер алдында рәсімделеді. Егер e-VOA болмаған жағдайда, виза бойынша келу (VOA) халықаралық әуежайларда және теңіз порттарында рәсімделуі мүмкін (Джакарта, Бали, Сурабая, Ломбок, Джокьякарта және т.б.). Құны – 500 000 индонезия рупиясы (~35 АҚШ доллары).

·                  Болуға рұқсат мерзімін бұзу тәулігіне 1 000 000 индонезия рупиясы мөлшерінде айыппұл салуға немесе депортацияға және болашақта елге кіруге тыйым салуға әкеледі.

·                  Шектеулер: туристік мақсаттарға сай келмейтін жұмыс және өзге ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады. Бұзған жағдайда айыппұл, депортация және елге кіруге тыйым салынады.

·                  Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттары: 30 күнге дейін визасыз режим қолданылады.

·                  Толық әрі өзекті ақпарат https://evisa.imigrasi.go.id.

Паспорттың жарамдылығы:

·                  Қазақстан Республикасының төлқұжатының жарамдылық мерзімі сапар аяқталған күннен кейін кемінде 6 ай болуы тиіс. Бұл ереже транзиттік жолаушыларға да қолданылады. Төлқұжаттың жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда жаңасын рәсімдеу ұсынылады.

·                  Кейбір шетелдік әуе компаниялары Индонезияға кіру ережелерін біркелкі қолданбайды, сондықтан жолаушыларға қарама-қайшы кеңестер берілуі мүмкін.

·                  Жаңа келген жолаушылардың төлқұжатының жарамдылық мерзімі жеткіліксіз немесе зақымданған жағдайда жергілікті билік оларды ұстап, елге кіргізбей кері қайтарған жағдайлар тіркелген.

·                  Зақымданған төлқұжаттар (жыртылған, дақ түскен, су тиген және т.б.) жарамсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда елге кіруге тыйым салынады, ал Қазақстанға оралу жолаушы есебінен жүзеге асырылады.

Кедендік бақылау:

·                  2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық халықаралық жолаушыларға, Сукарно-Хатта (Джакарта), Нгурах Рай (Бали) және Джуанде (Сурабая) әуежайларына келген кезде, «All Indonesia» бірыңғай декларациясы («Arrival Card») енгізіледі. Ол «SATUSEHAT Health Pass» және «e-Customs Declaration» құжаттарының орнына қолданылады.

·                  2025 жылғы 1 қазаннан бастап бұл талап елдің барлық халықаралық әуежайларына таратылады.

·                  Декларацияны елге келуден 3 күн бұрын толтыруға болады. Нәтижесінде QR-код жасалып, иммиграциялық және кедендік бақылаудан өткенде көрсету қажет.

·                  Декларациялау: елге кіргенде/шыққанда ірі көлемдегі қолма-қол ақша, зергерлік бұйымдар, қымбат техника міндетті түрде декларацияланады.

·                  Қатаң тыйым салынады: есірткі заттарын, психотроптық дәрілерді, қаруды, порнографиялық өнімдерді және өзге де тыйым салынған заттарды әкелуге.

·                  Толық әрі өзекті ақпарат: https://allindonesia.imigrasi.go.id, https://ecd.beacukai.go.id.

Медициналық сақтандыру:

·                  Медициналық сақтандыру полисін сатып алу сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтануға және күтпеген медициналық шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

·                  Полис елге кірер алдында алдын ала рәсімделуі тиіс.

·                  Елдің климатын ескеріп, алдын ала профилактикалық екпелер бойынша дәрігермен кеңескен жөн.

«Об обязательном страховании туриста»

Эпидемиялық ахуал:

·                  Эпидемиологиялық жағдай: жалпы тұрақты.

·                  Кейбір аймақтарда тропикалық аурулардың өршуі мүмкін (денге, безгек).

·                  Алдын алу шаралары ретінде репелленттерді, москиттік торларды пайдалану, кешкі/түнгі уақытта және қауіпті аймақтарда жеңіл киім кию ұсынылады.

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

• Қазақстан азаматтарына Индонезия заңдары қолданылады. Заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

• Есірткі заттары: сақтау, пайдалану және тарату қатаң тыйым салынған және ірі айыппұлдарға, ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыруға немесе өлім жазасына әкеледі. Полиция танымал орындарды, бұқаралық іс-шараларды және мекемелерді қатаң бақылайды.

• Тіл және елді тану: шетел тіліндегі негізгі сөздер мен тіркестерді білу сапарды жеңілдетеді және жергілікті халық тарапынан оң қабылданады.

• Әдеп және дәстүрлер:

·                  көптеген өңірлерде киім кию мен мінез-құлық стандарттары консервативті;

·                  жергілікті әдет-ғұрыптар мен діни рәсімдерді құрметтеу қажет;

·                  тыйым салынған жерлерде суретке түсіруге болмайды;

·                  қоғамдық орындарда алкоголь ішуден бас тартқан жөн.

• Бали аралына сапар алдында шетелдік туристерге арналған провинция билігінің ресми ұсынымдарымен (Bali’s “Do’s and Don’ts”) танысу қажет.

• Жала жабу, жалған ақпарат тарату және дінді қорлау туралы заңдар қатаң. Бұзушылық қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

• 2026 жылдан бастап елдің Қылмыстық кодексіне өзгерістер күшіне енеді, соның ішінде некесіз бірге тұруға және некеден тыс интимдік қатынастарға тыйым салынады.

Қауіпсіздік:

• Террористік қауіптер: Индонезияда, басқа кейбір елдер сияқты, экстремистік топтардың әрекеттерімен байланысты белгілі бір деңгейдегі қауіп сақталады. Кей жағдайларда бұқаралық орындарда оқиғалар орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, елде үкіметтік ғимараттар мен дипломатиялық өкілдіктер маңында митингілер мен демонстрациялар өткізіледі. Мұндай шаралар кезінде қырағылық танытып, адамдар көп жиналған орындардан аулақ болу және жергілікті биліктің ұсынымдарын орындау қажет.

• Папуа өңірі: соңғы жылдары бұл аймақтарда қақтығыстар, наразылықтар және қауіпсіздікке байланысты оқиғалар тіркелді. Кей жағдайларда шетел азаматтарына қауіп төнуі мүмкін.

• Қаржылық қауіпсіздік: банктік карталармен, интернет-банкингпен және банкоматтармен байланысты алаяқтық жағдайлары орын алуы мүмкін. Өз қауіпсіздігіңіз үшін:

·                  банк үзінділерін үнемі тексеріңіз;

·                  қаржылық операцияларға және құпия деректер жіберуге ашық Wi-Fi желілерін пайдаланбаңыз;

·                  валютаны тек ресми және лицензияланған айырбастау пункттерінде айырбастаңыз.

• Көлік: қауіпсіздік пен ыңғайлылық үшін лицензияланған ресми такси қызметтерін немесе заманауи мобильді қосымшалары бар сервистерді пайдалану ұсынылады. Бұл сервистерде есептегіштер және сапарды қадағалау мүмкіндігі бар. Жол қозғалысы өте қарқынды әрі үйреншікті жағдайдан өзгеше болуы мүмкін, сондықтан абай болу керек. Автокөлік немесе мотоцикл басқаруды жоспарлаған жағдайда, тиісті жүргізуші куәлігі мен рұқсаттардың болуын алдын ала қамтамасыз ету қажет.

• Теңіз және жағажай қауіптері: қайықтармен және паромдармен сапар шеккенде операторлардың қауіпсіздік деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Тексерілген компанияларды таңдаған жөн. Бали, Ломбок, Гили, Лабуан Баджо және Раджа Ампаттағы кейбір жағажайларда күшті толқындар мен қайтым ағындар кездеседі. Барлық жағажайларда құтқару қызметтері жоқ, ал жергілікті мүмкіндіктер шектеулі болуы мүмкін, сондықтан суда жүзу және суға қатысты ойын-сауық кезінде сақтық қажет.

• Белсенді демалыс (дайвинг, треккинг және т.б.): пайдаланылатын жабдықтың жарамдылығына көз жеткізіңіз, сондай-ақ сақтандыруыңыз тиісті тәуекелдерді қамтитынына назар аударыңыз.

• Вулкан және ауа райы: Индонезия сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Көптеген вулкандар белсенді күйде. Қауіпсіздік аймақтарын сақтау қажет. Вулкандық белсенділік әуе рейстерінің кестесіне және әуежай жұмысына әсер етуі мүмкін, сондықтан авиакомпаниялардан және ресми ақпарат көздерінен мәліметтерді алдын ала нақтылаған жөн. Аймақта цунами жағдайлары да тіркеледі. Мұндай табиғи апаттарда өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, жергілікті қызметтердің нұсқауларын орындау қажет.

• Қылмыс және жеке қауіпсіздік: басқа туристік бағыттардағыдай, Индонезияда да қалтаға түсушілік пен алаяқтық жағдайлары кездеседі. Жалғыз саяхаттайтын әйелдерге ерекше сақ болу ұсынылады. Қоғамдық орындарда, көлікте, бұқаралық іс-шараларда, барлар мен клубтарда абай болған жөн. Қауіпсіздік үшін тағам мен сусынды қараусыз қалдырмаңыз. Жергілікті полицияға жүгінген жағдайда ресми хаттама алуды талап етіңіз.

• Жылжымайтын мүлік және белсенді демалыс: елдің кейбір өңірлерінде, соның ішінде Бали аралында, мүлікке қатысты даулар кездеседі. Сондықтан келісімшарттарға қол қоймас бұрын мәліметтерді мұқият тексеріп, қажет болған жағдайда заңгердің кеңесін алу ұсынылады.

• Құмар ойындар: Индонезияда құмар ойындарға тыйым салынған. Заңға және діни-мәдени нормаларға сәйкес, казино және құмар ойындардың өзге де түрлері (оның ішінде онлайн-гэмблинг) заңсыз болып саналады.

• Телефон нөмірін теру ерекшеліктері:

·                  жергілікті SIM-карта арқылы — нөмірді бірден теру (мысалы, 110, 112, 113);

·                  халықаралық қоңырау — алдымен +62 (ел коды), содан кейін нөмірді теру.

• Жалпы жедел қызметтер:

·                  Өрт сөндіру қызметі – 113;

·                  Құтқару қызметі – 115;

·                  Медициналық көмек және жедел жәрдем – 119;

·                  Полиция – 110.

• Туристік полиция және қолдау қызметтері (Бали):

·                  Туристерге көмек көрсету орталығы: +62 361 224 111;

·                  Кута туристік полициясы: +62 361 784 5988;

·                  Әуежай туристік полициясы: +62 361 935 102, +62 361 9351 023;

·                  Нуса Дуа туристік полициясы: +62 361 744 2622.

• Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы (Бали):

·                  Мекенжайы: Jalan Trengguli I No 14 Tembau, Kota Denpasar, Bali 80238;

·                  Тел.: +62 811 3820 0811 1803 (WhatsApp);

·                  Эл. пошта: hc.kazakhstan@kbadmc.com

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

• Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында сапар жоспарлау кезінде қажетті құжаттарды (дипломдар, АХАЖ органдарының куәліктері, мүліктік және әлеуметтік мәселелерге қатысты құжаттар) алдын ала апостильдеуді және Қазақстанда мүмкін мәселелерді шешуге арналған сенімхаттар рәсімдеуді ұсынамыз.

• Елдің еңбек заңнамасы өзгеруі мүмкін, бұл шетелдік мамандардың жағдайына да әсер етуі ықтимал.

• Жергілікті заңдарға сәйкес, азаматтар мен шетелдік резиденттер өзімен бірге жеке куәлік - төлқұжат, ал ұзақ уақыт тұратындар - тұруға ықтиярхат алып жүруге міндетті.

Консулдық есеп туралы:

• Индонезияға оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында келген Қазақстан азаматтарына Джакарта қаласындағы ҚР Елшілігінде консулдық есепке тұру ұсынылады.

• Консулдық есепке тұру көптеген мәселелерді Қазақстанға бармай-ақ шешуге мүмкіндік береді (сайлаулар мен референдумдарға қатысу, төлқұжат рәсімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ елде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер немесе табиғи апаттар туындаған жағдайда эвакуациялауды жеңілдетеді..

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

• Төтенше жағдайларда (жергілікті құқық қорғау органдарымен ұсталу, бөгде адамдар тарапынан қауіп төндіру, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Қазақстан азаматтары Джакарта қаласындағы ҚР Елшілігі қызметкерімен кездесуді талап етуге құқылы.

• Шетел тіліндегі хаттамаларға және өзге де құжаттарға ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері қатыспайынша қол қоймаңыз.

• Қазақстан Республикасының Елшілігі (Джакарта):

·                  Мекенжайы: Jalan Patra Kuningan Raya, Block M7, Kav. 1, Kuningan Timur, Setiabudi, Jakarta Selatan, Jakarta 12950;

·                  Жедел желі (WhatsApp): +62 812 11 00 1803;

·                  Эл. пошта: kazjakarta@gmail.com

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары