Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2013 ж. 2-4 қыркүйек – ИР Президенті С. Юдойононың Астанаға мемлекеттік сапары шеңберінде өткен Индонезияның мәдениет күндері.
2014 ж. 12-14 мамыр – гала-концертпен, фотокөрмелермен, сондай-ақ «Жетекші жолы» және «Жаужүрек мың бала» фильмдерінің көрсетілімдерімен Жакартада өткен Қазақстанның мәдениет күндері.
2013 ж. 21 желтоқсан – Д. Қонаев атындағы университет пен Гунадарма университеті басшылығының кездесуі.
2015 ж. 8-12 наурыз – Гунадарма университеті делегациясының Д. Қонаев атындағы университетке және Қыздар педагогикалық университетіне сапары.
2016 ж. 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Есептеуіш техника мен информатика саласындағы жоғары білім орындары қауымдастығының (APTIKOM) төрағасы З. Хасибуан бастаған индонезиялық делегация Алматыға сапармен барды. Делегация құрамына индонезиялық AMIKOM, Bima Darma University, Undalas University, STMIK Banjarbaru, STT Nusa Putra, YPTK Padang, Gunadarma University университеттерінің ректорлары кірді. Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң университетінде өткен келіссөздердің нәтижесінде APTIKOM мен 9 қазақстандық ЖОО арасында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
2017 ж. 1-5 ақпан – Жакарта қаласында өткен «Indonesian Fasion Week 2017» атты сән аптасына қазақстандық «Самидел» сән үйінің қатысуы.
2018 ж. 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Қазақстанның ұлттық құрамасы Жакарта және Палембанг қалаларында өткен 18-ші Жазғы Азиялық ойындарға қатысты. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медальмен жалпы есепте тоғызыншы орынды иеленді.
2018 ж. 6-13 қазанда Жакарта қаласында өткен III Пара Азиялық ойындарына 91 қазақстандық спортшы қатысты. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан 5 алтын, 15 күміс және 13 қола медальмен 13-ші жалпы командалық орынға ие болды.