Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
2024 жылы тауар айналымы 300 млн АҚШ долларын құрады (+5% 2023 жылмен салыстырғанда), оның ішінде экспорт – 120,7 млн, импорт – 179,7 млн.
2023 жылы екіжақты сауда көлемі 286,4 млн АҚШ долларына жетті (-28,7% 2022 жылмен салыстырғанда), экспорт – 95,2 млн, импорт – 191,2 млн. Қазақстаннан экспорттың негізгі үлесін феррохром құрайды, ал импортта теледидарлар, мониторлар мен проекторлар, жеңіл автокөліктер басым.
2022 ж. тауар айналымы $399,2 млн құрады (2021 жылмен салыстырғанда х2,3), оның $244,3 млн – Индонезияға экспорт (х1,8), $154,9 млн – Индонезиядан импорт (х3,9). Қазақстандық экспортты негізінен феррохром (98%), импортты телевизиялық байланысқа арналған қабылдау аппаратурасы (62,5%), көлік құралдары (9,6%), қалайы (3%), өсімдік майлары (2,5%), «интеллектуалды карталар» (1%) құрады.
2021 ж. Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы $174 млн. құрады (2020 жылмен салыстырғанда 2 есе артты), оның $134 млн. – Индонезияға экспорт (2,7 есе артты), $40 млн – Индонезиядан импорт (+9,5%). Қазақстандық экспортты негізінен феррохром (82%) және темірден жасалған жартылай фабрикаттар / қоспасыз болат (17%) құрады; импорттың жартысын өсімдік майлары құрады.
2020 ж. Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы $86,7 млн. құрады (2019 жылмен салыстырғанда 4,3 есе кеміді), оның $50,2 млн. – Индонезияға экспорт (-48,2%), $36,5 млн – Индонезиядан импорт (-86,8%). Қазақстандық экспортты 97,6%-ға феррохром құрады; импорт құрылымында пальма майы басым болды.
2019 ж. екі ел арасындағы тауар айналымы 370 млн. АҚШ долларына жетті (276 млн. АҚШ доллары – Индонезиядан импорт және 94 млн. АҚШ доллары – Индонезияға экспорт). 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, бұл 2,5 есе жоғары.
2018 ж. Индонезиямен сауда-саттық 132,5 млн. АҚШ долларын құрады (10,3 млн. АҚШ доллары – Индонезияға экспорт; 122,2 млн. АҚШ доллары – Индонезиядан импорт).
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған сапарлар
2012 ж. 7-13 наурыз – ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары М. Супраптоның және ИР Экономикалық мәселелер бойынша үйлестіруші министрінің орынбасары А. Лукманның Қазақстанға сапары.
2016 ж. 10 мамыр – Ляньюньгандағы қазақстандық терминалды презентациялау мақсатында Ляньюньгандағы қазақстандық-қытайлық халықаралық логистикалық компания басшылығының Жакартаға сапары.
2016 ж. 25-27 мамыр – Индонезиялық PT Mayora Group Tbk. компаниясының 18-ші қазақстандық халықаралық «Интерфуд» көрмесіне қатысуы.
2016 ж. 3-11 қыркүйек – «Pata Travel Mart 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының, Қазақстанның туристік агенттіктері қоғамдастығының және Қазақстанның өңірлері өкілдерінен құрылған қазақстандық делегацияның Жакартаға сапары.
2016 ж. 2 қараша – ИР Дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдерін бақылау жөніндегі ұлттық агенттігінің төрағасы П. Лукито бастаған Индонезияның фармацевтика саласындағы іскер топ өкілдерінің Алматыға сапары.
2019 ж. 28 ақпан – Түркістан облысы әкімдігі делегациясының Жакартаға сапары.
2019 ж. 9 мамыр – Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы делегациясының Жакартаға сапары.
2022 ж. 15 шілде, 29 тамыз және 21 желтоқсанда «PT. Quantum Bersama Nile Ltd.» компаниясының Алматы және Шымкент қалаларына сапары өтті.
2022 ж. 5-15 қыркүйекте Индонезияның 7 ірі туроператоры ASITA индонезиялық туроператорлар мен агенттіктер қауымдастығының басшылығымен Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларына сапар жасады.
2022 ж. 19-21 желтоқсанда «PT. Jawa Lumbung Mas», «PT. Frootiful Natural Nusantara», «PT. Sekar Laut Tbk.» компаниялары Алматы қаласына келді.
2023 ж. 15-20 маусымда «Indrillco Group» компаниясының Алматы және Қостанай қалаларына сапары өтті.
2023 ж. 2-5 шілдеде Индонезияның жаңа астанасы Нусантара әкімшілігінің басшысы Б. Сусантоно Астана қаласында 25 жылдық мерейтойына арналған Астана қалаларының бауырлас форумына қатысты.
2023 ж. 1-4 қазанда Индонезияның Энергетика министрлігінің делегациясы Мұнай-газ бағдарламаларын дамыту жөніндегі директор М. Гунаванның басшылығымен Астана қаласында өткен «Kazakhstan Energy Week 2023» шарасына қатысты.
2023 ж. 18-23 қазанда «Mining Industry of Indonesia», «PT. Timah Tbk.» компаниялары Астана, Алматы және Степногорск қалаларына сапар жасады.
Бизнес-форумдар: 2012 ж. 21-23 мамыр – V Астана экономикалық форумы аясындағы қазақстандық-индонезиялық бизнес-форум.
2014 ж. 4-6 мамыр – аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бизнес делегациясының Жакарта қаласына сапары шеңберіндегі қазақстандық-индонезиялық бизнес-форум.
Үкіметаралық комиссия: 2013 ж. 21-22 тамыз – ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Е. Досаев пен ИР Экономика мәселелері бойынша үйлестіруші министрі Х. Раджасаның тең төрағалығымен Жакартада өткен Үкіметаралық комиссияның 1-ші отырысы.
Қазақстан мен Филиппиндер арасындағы экономикалық ынтымақтастық
2023 жылдың 11 айында тауар айналымы $25,7 млн. жетті, оның ішінде Филиппиндерге экспорт $248 мың, Филиппиндерден импорт $25,5 млн. құрады. Қазақстандық экспорт құрылымында механикалық құрылғылар, импорт құрылымында принтерлер, көшірме машиналары, факсимильді аппараттар басым болды.
2022 ж. тауар айналымы $27 млн құрады (2021 жылмен салыстырғанда +73%), оның ішінде Филиппиндерге экспорт – $59,4 мың (74 есе төмендеді), Филиппиндерден импорт – $27 млн (2,4 есе өсті). Қазақстандық экспорт құрылымында банкоматтар (48%), бұрғылау құралдары (14%), кеңсе жабдықтарының керек-жарақтары мен бөлшектері (8%), қозғалтқыштар (7%), мониторлар (6%), импорт құрылымында принтерлер (16%), көшіру машиналары (14%), статикалық түрленгіштер (13%), көпфункционалды аппараттар (8%), шиналар мен дөңгелек тыстары (4%) басым болды.
2021 ж. ҚР мен Филиппиндер арасындағы тауар айналымы $15,6 млн құрады (2020 жылмен салыстырғанда -15,6%), оның ішінде Филиппиндерге экспорт – $4,4 млн (+2%), Филиппиндерден импорт – $11,1 млн (-21%). Экспорт құрылымында темір мен қоспасыз болаттан жасалған жартылай фабрикаттар (98%), импорт құрылымында кеңсе жабдықтары мен статикалық түрлендіргіштер басым болды.
2020 ж. екі ел арасындағы тауар айналымы $18,4 млн құрады (2019 жылмен салыстырғанда +25%), оның ішінде Филиппиндерге экспорт – $4,3 млн (300 еседен астам өсім), Филиппиндерден импорт – $14,1 млн (-4,1%). Қазақстандық экспорттың күрт өсуі Филиппиндерге темір мен қоспасыз болаттан жасалған жартылай фабрикаттарды жеткізу есебінен орын алды (экспорт көлемінің 99,9%).
2019 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық $14,7 млн. құрады ($13,8 мың – экспорт; $14,7 млн. – импорт). 2018 ж. көрсеткішпен салыстырғанда, бұл 8 есе кем.
2018 ж. Қазақстан мен Филиппиндер арасындағы сауда-саттық $119,4 млн. құрады ($103,7 млн. – экспорт; $15,7 млн. – импорт). 2018 ж. сауданың өсуі қазақстандық мұнай және темір мен қоспасыз болаттан жасалған жартылай фабрикаттардың Филиппиндерге экспортталуы арқасында орын алды.
2016 ж. 6 мамырда «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының қолдауымен Ляньюньган Қазақстандық-Қытайлық халықаралық логистикалық компаниясының Бас директоры Лю Бин және оның орынбасары Қ. Нұралы Манилада қытайлық Ляньюньган портындағы қазақстандық терминалды филиппиндік іскерлік топтар үшін презентациялады.