Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел Қазақинвесттің Түркияға жаңа тағайындалған өкілі Асылжан Мырзалиевпен бірге Түркияның бизнес өкілдерімен келіссөздер өткізуде.
- Түркияның ең ірі холдингтерінің бірі ENKA-ның басшылығы Қазақстандағы жобаларға инвестиция салуға деген қызығушылықтарын білдірді.
- Altınbaş Holding-тің басшысы Имам Алтынбашпен Қазақстанда зергерлік бұйымдарының өндірісі бойынша келіссөздер жалғасты.
- Nikel Paslanmaz Çelik компаниясының басшылығымен Қазақстанда метал өңдеу және жартылай бұйым шығару жобасын жүзеге асыру бойынша келіссөздер өтті. Компания қыркүйек айында Қазақстанға іс-сапармен барып, жобаны іске асыру бойынша нақты қадамдарды бастайды.
- Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының Түркиядағы өкілімен кездесуде екі мемлекет арасында темір жол жүк тасымалын ұлғайтудың мүмкіндіктері сөз болды.
Бұдан басқа, ауыз су шығару, құрылыс, автосервис және т.б. бағыттар бойынша жобалар талқыланды.