Түркия Республикасының аумағында еліміздің көрнекті ұлт қайраткерлері мен ақын-жазушылары А.Құнанбайұлы, Абылай хан, С.Аронұлы, Ж.Жабаев, М.Жұмабаев, Қабанбай Батыр және тағы да басқа тұлғаларға ескерткіштер орнатылған.
Ыстанбұл қаласының Сұлтанғази ауданында 1996 жылдан және Зейтінбұрны ауданында 2003 жылдан бастап Абай Құнанбайұлы атындағы екі жалпы орта білім беру мектебі жұмыс істейді. 2020 жылы Эрзурум провинциясында Әл-Фараби атындағы бастауыш мектеп пен Муш провинциясында Әл-Фараби атындағы орта мектеп ашылды.
Қазақстан жазушылар Одағы мен Түркия Еуразия жазушылар Одағы арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. Қазіргі уақытқа дейін түрік тарапының қолдауымен 100-ден астам қазақ ақын-жазушыларының шығармалары түрік тіліне аударылды.
Қазақстан мен Түркия арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық мәдени-гуманитарлық бағыттың маңызды бөлігі болып табылады. Бүгінге дейін 2500-ге жуық қазақстандық студент жетекші түрік жоғары оқу орындарын бітіріп, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың дамуына өз үлестерін қосуда. Түркия Республикасының Жоғары білім беру кеңесінің деректеріне сәйкес, 2025-2026 оқу жылдарында Түркияның жоғары оқу орындарында 14000-ға жуық қазақстандық студент білім алуда.
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы үкіметтері арасындағы Келісім негізінде Түркістан қаласында құрылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті табысты қызмет атқаруда. Аталған жоғары оқу орнының филиалдары Алматы, Шымкент және Кентау қалаларында жұмыс істейді.
Мәдени байланыстардың дамуының тағы бір дәлелі ретінде Ыстанбұл-Астана, Анкара-Астана, Алматы-Ыстанбұл, Анталия-Талдықорған, Павлодар-Кайсери, Ақтау-Самсун, Шымкент-Измир сияқты екі мемлекеттің бауырлас қалаларының санының артуы болып табылады.
Денсаулық сақтау саласында Қазақстан мен Түркия арасында екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамуда. Атап айтқанда, 2023-2026 жылдары Бас консулдықтың бастамасымен 153 қазақстандық дәрігерлер Түркияның жетекші мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерінде тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысты.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, отандық медицинаға озық технологияларды енгізу және денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту.
1-топ (2023 ж.) Шығыс Қазақстан облысынан келген 13 дәрігер Medipol Healthcare Group клиникасында тағылымдамадан өтті;
2-топ (2023 ж.) Жетісу облысынан келген 15 дәрігер MLPCare Medical Park клиникасында тағылымдамадан өтті;
3-топ (2023 ж.) Ұлытау облысынан келген 10 дәрігер Bulent Ecevit University клиникасында тағылымдамадан өтті;
4-топ (2024 ж.) Шымкент қаласынан келген 5 дәрігер мен 5 медбике John Hopkins Anadolu Medical Center клиникасында тағылымдамадан өтті;
5-топ (2024 ж.) Қызылорда облысынан келген 15 дәрігер Memorial Healthcare Group клиникасында тағылымдамадан өтті;
6-топ (2024 ж.) Қостанай облысынан келген 10 дәрігер Biruni University клиникасында тағылымдамадан өтті;
7-топ (2024 ж.) Алматы облысынан келген 8 дәрігер Medicana Healthcare Group клиникасында тағылымдамадан өтті;
8-топ (2025ж.) Астана қаласындағы Ұлттық балаларды оңалту орталығынан келген 6 дәрігер NP Istanbul Brain Hospital және Romatem клиникаларында тағылымдамадан өтті;
9-топ (2025ж.) Маңғыстау облысынан келген 10 дәрігер Hisar Hospital Intercontinental клиникасында тағылымдамадан өтті;
10-топ (2025ж.) Денсаулық сақтау министрлігінен келген 8 дәрігер Medipol Healthcare Group клиникасында тағылымдамадан өтті;
11-топ (2025ж.) Денсаулық сақтау министрлігінен келген 14 дәрігер Kocaeli University клиникасында тағылымдамадан өтті;
12-топ (2025ж.) Денсаулық сақтау министрлігінен келген 13 дәрігер MLPCare Medical Park клиникасында тағылымдамадан өтті;
13-топ (2026ж.) Абай облысынан келген 10 дәрігер John Hopkins Anadolu Medical Center клиникасында тағылымдамадан өтті;
14-топ (2026 ж.) Түркістан облысынан келген 11 дәрігер Trakya University клиникасында тағылымдамадан өтті.
Studentabroad.kz жобасы Бас консулдықтың бастамасы ретінде Түркияда білім алатын 3-4 курс студенттерінің міндетті тағылымдамадан өтулеріне бағытталған. Жалпы қазіргі таңға дейін жобаға 158 қазақстандық студент қатысты.
Жобаның ерекшелігі – студенттер Қазақстан экономикасына инвестициялар салған түрік компанияларында тағылымдамадан өту арқылы, өздерін білікті кадр ретінде дәлелдей алған жағдайда аталған инвесторлардың Қазақстандағы кәсіпорындарында жоғары оқу орнын бітірген соң жұмыс істеу мүмкіндігіне ие бола алады.
2024 жылы 41 студент TAV Airports Holding, Yildiz Holding, Calik Holding, YDA Group, FLO, Saraylim Tarim, Dedeman, Agrobest Group, Atabay Kimya, Koruma Group, Tepe Prefabrik, Gonen Law Firm, Petronet Holding, Akdemir Global, Milat Hali, Desa Deri, BTM Group, Yeni Ozturk Kalip және басқа да ірі компанияларда тағылымдамадан өтті;
2025 жылы 52 студент LC Waikiki, Koton, Alarko Holding, Orzax, Makyol Group, Nobel, Enka, Akit Medya, Albayrak Group, CNN, Ege TV, Kale Seramik, Arbel Group, Betek Boya, Orkide, Izeltas және басқа да ірі компанияларда тағылымдамадан өтті;
2026 жылы аталған жоба аясында 65 студентті (FLO GROUP, Orkide, Çalık Holding, Orzax, LC Waikiki, İzeltaş, Koton, TAV Airports Holding, YDA Group, Agrobest Group, Atabay Kimiya, Ülke TV, Makyol Group, Yıldız Holding(Ülker), Albayrak Group, Pladis Group) ірі компанияларда тағылымдамадан өткізу жоспарлануда.
Бас консулдықтың бастамасымен 2023 жылғы 4 желтоқсанда Ыстанбұлда қазақ диаспорасының негізі шоғырланған Зейтінбұрны ауданында орналасқан Абай Құнанбайұлы атындағы мектеп қабырғасында домбыра үйірмесі ашылып, үшінші жыл қатарынан қызмет көрсетуде. Жалпы қазіргі таңға дейін үйірмеге 130-ға жуық азаматтар қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты – домбыра арқылы қазақ мәдениетін кеңінен насихаттау және домбыра аспабын меңгеруге мүмкіндік беру.
2023-2024 оқу жылында үйірмеге жалпы 50-ге жуық Қазақстан мен Түркия азаматтары қатысты;
2024-2025 оқу жылында үйірмеге жалпы 50-ге жуық Қазақстан мен Түркия азаматтары қатысты;
2025-2026 оқу жылында үйірмеге жалпы 30-ға жуық Қазақстан мен Түркия азаматтары қатысуда.
Бас консулдықтың бастамасымен Ыстанбұл қаласының Сұлтанғази және Зейтінбұрны аудандарында орналасқан Абай Құнанбайұлы атындағы екі жалпы орта білім беру мектептерінде 2024 жылдан бастап Ұлы ақынды Түркияда кеңінен таныту мен дәріптеу мақсатында «Абайды тану» атты білім және шығармашылық конкурсы ұйымдастырылуда.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» және «Абай – рухани реформатор» атты мақалалары негізінде 40 сұрақтан тұратын тестке қатысады. Екінші кезеңде тест қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен оқушылар Абай туралы түрік тілінде шығарма жазады.
2024 жылы «Абайды тану» білім және шығармашылық конкурсына 700 оқушы қатысып, 14 оқушының шығармалары ең үздік болып таңдалды.
2025 жылы «Абайды тану» білім және шығармашылық конкурсына 325 оқушы қатысып, 16 оқушының шығармалары ең үздік болып таңдалды.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 11 желтоқсанда Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Зейтінбұрны ауданында орналасқан Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектебінде 6–11 сынып оқушылары арасында ақынның «Қара сөздерін» мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
2026 жылы «Абайды тану» білім және шығармашылық конкурсына 447 оқушы қатысып, 16 оқушының шығармалары ең үздік болып таңдалды.
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұл, Анталия және Измир қалаларындағы Бас консулдықтарының бастамасымен Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасындағы достық пен бірлікті нығайту мақсатында дәстүрлі спорттық чемпионаттар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Ерлер арасында футболдан чемпионат:
2022 жылы Анкара қаласында өткен турнирде 1-ші орынды Ақсарай, 2-ші орынды Карабүк, 3-ші орынды Кайсери мен Ескишехир қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер иеленді;
2023 жылы Ыстанбұл қаласында өткен турнирде 1-ші орынды Бартын, 2-ші орынды Карабүк, 3-ші орынды Кайсери мен Күтахия қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер иеленді;
2024 жылы Сакария қаласында өткен турнирде 1-ші орынды Измир, 2-ші орынды Ыстанбұл, 3-ші орынды Сакария мен Бартын қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер иеленді;
2025 жылы Афионкарахисар қаласында өткен турнирде 1-ші орынды Сакария, 2-ші орынды Ыстанбұл, 3-ші орынды Анкара мен Ескишехир қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер иеленді.
Қыздар арасында волейболдан чемпионат:
2024 жылы Ыстанбұл қаласында өткен турнирде 1-ші орынды Бартын, 2-ші орынды Болу, 3-ші орынды Зонгулдак қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер иеленді;
2025 жылы Бартын қаласында өткен турнирде 1-ші орынды Ескишехир, 2-ші орынды Бартын, 3-ші орынды Сакария мен Болу қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер иеленді;
2026 жылы Ескишехир қаласында өткен турнирде 1-ші орынды Бартын, 2-ші орынды Күтахия, 3-ші орынды Болу мен Карабүк қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер иеленді;
Қазақстанды Түркияда кеңінен және жан-жақты таныту мақсатында Бас консулдықтың бастамасымен Ыстанбұл қаласындағы медиахолдинг өкілдерімен жүйелі жұмыс жалғасуда.
Аталған жұмыс аясында Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан туралы:
2024 жылы - 56 материал;
2025 жылы - 105 материал;
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында - 182 материал жарияланды.
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұл, Анталия және Измир қалаларындағы Бас консулдықтарының бастамасымен жергілікті ортаға бейімделу бағытында өзектендірілген 50-беттік Жадынама негізінде 2024-2026 оқу жылдарында Түркияның қалалары мен провинцияларында білім алуға алғаш рет келген қазақстандық студенттер арасында жоғары оқу орындарында бұдан бұрын белгіленген көшбасшы-студенттер (белсенділер) тарапынан екінші жыл қатарынан «Welcome Day», яғни таныстыру іс-шаралары ұйымдастырылды.
«Welcome Day» іс-шарасына екі жылда Түркияның Эге (Измир, Балыкесир, Мугла), Қара теңіз (Бартын, Зонгулдак, Трабзон, Ризе, Самсун, Орду), Мәрмәр теңізі (Бурса, Бандырма, Чанаккале, Коджаэли), Тракия (Кыркларели, Текирдаг), ішкі Анадолы (Биледжик, Болу, Аксарай, Сивас, Дюздже), Ақ теңіз аймақтары (Анталья, Мерсин) мен Ыстанбұл қаласынан жалпы 833 студент қатысты.
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұл, Анталия және Измир қалаларындағы Бас консулдықтарының бастамасымен Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер арасында Республика күніне арналған жыл сайынғы патриоттық бейнероликтер челленджі 2024 жылы бастау алды. Аталған бастама жастар арасында патриоттық рухты нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және шетелде білім алып жатқан қазақстандық жастардың бірлігін арттыруға бағытталған.
2024 жылы Түркияның 23 провинциясында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің қатысуымен патриоттық челлендж ұйымдастырылды. Жарияланған 23 бейнероликтер әлеуметтік желілерде 467 472 қаралым, 16 691 ұнау, 6 098 бөлісу және 17 657 пікір жинады. Республика күніне орай «Көк тудың желбірегені» әнімен түсірілген қорытынды бейнеролик әлеуметтік желілерде кең қолдау тауып, 1 085 880 қаралым, 9 600 ұнау, 1 300 пікір және 746 бөлісу жинады;
2025 жылы Түркияның 19 провинциясында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің қатысуымен патриоттық челлендж жалғасын тапты. Жарияланған 19 бейнероликтер әлеуметтік желілерде 312 643 қаралым, 4 818 ұнау, 853 бөлісу және 996 пікір жинады.
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұл, Анталия және Измир қалаларындағы Бас консулдықтарының бастамасымен Наурызнама — Наурыз мерекесі мәдени, рухани және қоғамдық іс-шаралар апталығында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттап, қайырымдылық, мәдениет, спорт, ұлттық тағамдар, тазалық, бірлік және ұлттық құндылықтарға арналған арнайы күндер аясында Түркияда білім алып жатқан студенттердің арасында Наурыз мерекесін насихаттайтын бейнероликтер жарияланды.
2025 жылы бастау алған «Наурызнама» челленджі аясында Түркияның түрлі провинцияларында түсірілген 11 бейнеролик 480 058 қаралым, 6 759 ұнау, 1 953 бөлісу және 2 948 пікір жинады;
2026 жылы жалғасын тапқан челлендж аясында Түркияның түрлі провинцияларында түсірілген 11 бейнеролик 232 387 қаралым, 4 177 ұнау, 1 098 бөлісу және 661 пікір жинады.
Бас консулдықтың бастамасымен Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер арасында дәстүрлі қазақ тағамы – бауырсақ дайындаудан аспаздық сайыс форматында 2025 жылы бастау алған жоба 2026 жылы да өз жалғасын тауып, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың біріне айналды.
2025 жылы алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға 12 университеттік командалар қатысып, нәтижесі бойынша 1-ші орынды Istanbul Istinye University, 2-ші орынды Istanbul Ticaret University, 3-ші орынды Balikesir University жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер иеленді;
2026 жылы екінші рет ұйымдастырылған іс-шараға 9 университеттік командалар қатысып, нәтижесі бойынша 1-ші орынды Bursa Uludag University және Bursa Technical University, 2-ші орынды Izmir 9 Eylul University және Akdeniz University, 3-ші орынды Istanbul Kent University, Kirsehir Ahi Evran University және Istanbul Halic University жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер иеленді.