Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының келесi санаттағы азаматтарын есепке алуды жүзеге асырады:
- Консулдық округ аймағында тұрақты тұрып жатқандарды (тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсаты негізінде жүзеге асырылады);
- Консулдық округ аймағына уақытша келгендердi (ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады);
Тұрақты консулдық есепке тұру үшін Ыстанбұл қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас консулдығының Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Өтініш;
- Толтырылған тіркеу сауалнамасы;
- Бір сурет 3х4;
- Паспорттың көшірмесі;
- Шетелде тұрақты тұруға кетуге рұқсаттың көшірмесі;
- Қазақстаннан мекен-жайдан кету парағының көшірмесі;
Уақытша консулдық есепке тұру үшін Ыстанбұл қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас консулдығының Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Өтініш;
- Толтырылған тіркеу сауалнамасы;
- Бір сурет 3х4;
- Паспорттың көшірмесі;