Неке қиюды тіркеу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тек жеке қабылданады және беріледі.

Консулдық алым - 35 АҚШ доллары.

Қызмет көрсету мерзімі - 30 жұмыс күн.

Құжаттар тізімі: 

  1. Мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші;
  2. Неке қию (ерлі-зайыптылық) жасаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (төлқұжат пен жеке куәліктің көшірмесі);
  3. Уәкілетті органдар берген некеге (ерлі-зайыптылыққа) кірушілердің отбасылық-құқықтық жағдайы туралы анықтамалар.

Маңызды ақпарат!

Бұрын некеде тіркелген (ерлі-зайыптылықта) болған адамдар тіркеуші органға бұрынғы некенің бұзылғанын растайтын құжатты ұсынады: ажырасу (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік, жұбайының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе некені жарамсыз деп тану, ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаны немесе хабарсыз кеткені жарияланғаны туралы сот шешімі.

Некеге тұруға (ерлі-зайыптылыққа) ниет білдірген адамдармен келісім бойынша тіркеуші орган бір ай өткеннен кейін өтініште, сондай-ақ өтініштерді тіркеу журналында көрсетілгендей неке (ерлі-зайыптылық) тіркеудің уақытын (күні мен сағатын) тағайындайды. Уақыт кезеңімен анықталатын уақыт бағыты күнтізбелік күн немесе оқиға басталғаннан кейінгі күннен басталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болса, мерзімін қысқарту немесе ұзарту себептерін растайтын құжат қосымша беріледі: жүктілік бойынша медициналық біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама немесе басқа ерекше жағдайларды растайтын құжаттар.

Егер неке жасына жетпеген адамдар некеге (ерлі-зайыптылыққа) кірсе, некеге (ерлі-зайыптылыққа) кіретін адамдардың заңды өкілдерінің келісімі қосымша ұсынылады.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі немесе арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген тәртіп бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы сертификаттау (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

 

Дата публикации
17 марта 2020