Құжаттарды талап ету

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және шетелде тұратын азаматтығы жоқ адамдар мынадай құжаттарды талап ету туралы өтініш жасай алады:

1) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттар (туу туралы, қайтыс болу туралы, некеге тұру және бұзу туралы, әке болуды анықтау туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктер);

2) әлеуметтік құқықтық сипаттағы мәліметтер (еңбек өтілі, еңбек ақы, зейнетақы туралы, білімі, ғылыми дәреже беру, ғылыми атақ беру және біліктілігін арттыру, мемлекеттік және ведомстволық наградалар, негізсіз қуғын-сүргін, азаматтарды депортациялау және олардың мүлкін тәркілеу, әскери қызмет, еңбек армиясына қатысу және т. б. туралы);

3) емделуде болуы туралы, кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалар туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, консулдық алымды төлеу қажет. Консулдық алым ставкасын Қазақстан Республикасының Үкіметі әр мемлекет үшін жеке белгілейді. Консулдық алым құжаттарды талап ету нәтижелеріне қарамастан алынады.

Әскери билеттер мен қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етуге, әкетуге, жөнелтуге жатпайды, сондай-ақ жеке тұлғалардың төмендегі талап ету жөніндегі өтініштері қанағаттандырылуға жатпайды.:

1) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер, егер олар өтініш берушіге емес, басқа адамдарға ресімделсе.

2) егер неке бұзылса, неке қию туралы куәлік (тиісті анықтама беріледі).

3) қайтыс болған адамның туу туралы куәлігі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Құжаттар тек жеке қабылданады және беріледі.

Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету мерзімі 3 ай немесе одан көп

Құжаттарды талап ету үшін сіз келесі құжаттарды үш данада ұсынуыңыз керек:

  • Өтініш;
  • Өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  • Құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);
  • Сауалнама;
  • Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;
  • Заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);
  • Талап ететін құжаттын көшірмесін тіркеңіз (болған жағдайда);
  • Талап ету үшін консулдық алым - 30 АҚШ доллары, қажет болған жағдайда талап етілген құжатты апостильдеу, қосымша - 35 АҚШ доллары.

Құжаттарды талап ету тәртібі ҚР Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №11-1-4/252 және ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 6 өазандағы №460 Бірлескен бұйрығында бекітілген ережелермен реттеледі.

 

Дата публикации
15 марта 2020