Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылу

Қазақстан Республикасының азаматтығы басқа мемлекеттің азаматтығын мойындамайды («Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы).

Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылу үшін келесі тізімге сәйкес құжаттарды ұсыну қажет:

  • Толтырылған өтініш және көшірмесі;
  • Анықтама алу үшін өтініш;
  • Шетел азаматтығын алғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері, яғни шет мемлекеттің паспорты немесе жеке куәлік;
  • Қазақстандық ұлттық паспорттың, жеке куәліктің түпнұсқалары және олардың көшірмелері;
  • Паспорт өлшеміндегі фотосурет - 1 дана;
  • Тұрақты тұруға кету туралы хабарлама (түпнұсқа және көшірме) және / немесе тұрақты тұруға және кету парағында белгісі (мөрі) бар Қазақстан Республикасы паспортының парағы (түпнұсқа, көшірме);
  • Азаматтықты жоғалтуды тіркеу үшін консулдық алым алынбайды, алайда егер азаматтықты жоғалтқан туралы анықтама қажет болса, өтініш жазып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны туралы анықтама үшін 50 доллар көлеміндегі консулдық алым төлеу қажет;
Утрата гражданства Республики Казахстан
Дата публикации
07 марта 2020