Туу туралы куәлік

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІН БЕРУ

Түркияда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарында бала туған жағдайда, балаға ҚР туу туралы куәлігі ресімделеді. Ол үшін баланың тууынан кейін 2 ай ішінде егер баланың ата-анасының екеуі де ҚР азаматы болса, кем дегенде біреуі, ал егер баланың ата-анасының тек біреуі ғана (жеке) ҚР азаматы болса, онда сол ата-анасы өзіне жақын орналасқан ҚР-ның ТР-дағы консулдық мекемесіне келіп, төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал өлі бала туылған жағдайда туған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей келесі құжаттар ұсынылады:

1) Тұрғылықты мекенжайы көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу туралы қазақша немесе орысша  өтініш;

2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

4) апостиль қойылған туу туралы медициналық куәлік "Doğum Raporu".

5) консулдық алымның төленгенін растайтын түбіртектің түпнұсқасы - 25 АҚШ доллары.

  • *6) ата-ананың немесе мүдделі тұлғалардың өтініш беруі мүмкін болмаған жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
  • * 7) Егер баланың ата-анасының бірі шетелдік азамат болып табылса, туу туралы куәлік беруге шетелдік ата-анасының нотариалды расталған келісімін және шетелдік паспорттың нотариалды расталған аудармасын ұсыну қажет.

Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

1) ата-ананың еркін нысандағы жазбаша түсініктемесі;

2) тиісті әкімшілік аумақтық бірлік органының туу туралы акт жазбаның жоқтығы туралы анықтама;

3) баланың денсаулығы туралы анықтама.

**** өтініш баланың ата-анасының біреуінің жеке қатысуымен қабылданады.

***шет тілінде берілетін барлық құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.

Дата публикации
06 марта 2020