Түркия Республикасы Қазақстан Республикасының негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 5,4 млрд АҚШ долларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға өсті. Сонымен қатар, Қазақстанның Түркияға экспорты 17,7%-ға артып, 3,9 млрд АҚШ долларына жетті. Нәтижесінде оң сауда балансының көлемі 2,4 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды.
Екіжақты сауда өсімінің негізгі драйвері қазақстандық өнімдердің Түркия нарығына жеткізілімдерінің артуы болды. Атап айтқанда, мыс және мыс катодтарының экспорты 23,6%-ға, шикі мұнай экспорты 23,7%-ға өсті, өңделмеген алюминий жеткізілімдері 6,2 есеге, кептірілген бұршақ дақылдары 2 есеге, ал пропилен полимерлері 2,4 есеге артты. Түркияға экспортталатын негізгі тауарлар қатарында мыс және мыс катодтары (1,7 млрд АҚШ долл.), шикі мұнай (1,5 млрд АҚШ долл.), өңделмеген алюминий (160,6 млн АҚШ долл.), кептірілген бұршақ дақылдары (155,2 млн АҚШ долл.), мұнай өнімдері (136,7 млн АҚШ долл.) және пропилен полимерлері (72 млн АҚШ долл.) бар.
Инвестициялық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық табысты дамуда. 2005 жыл - 2023 жылдың - 6 айы аралығында Қазақстан экономикасына Түркиядан 4,9 млрд. долл. шамасында тікелей инвестициялар тартылған. Өз кезегінде, Қазақстан Түркия экономикасына 2005 жылдан қазірге дейін 1,1 млрд. долл. шамасында инвестиция салған.
Түркиядан соңғы 18 жылда тартылған инвестицияның 51,4%, яғни жартысынан астамы соңғы 6 жылғы (2018-2022 жж.) тиесілі.
2005-2010 жылдарда тартылған түркиялық инвестициялардың орташа жылдық көлемі 159,3 млн. долл. құраса, аталған көрсеткіш 2011-2016 жылдарда 216,8 млн. долл., ал 2017-2022 жылдарда 397,3 млн. долл. дейін артты. Яғни Түркиядан Қазақстанға тартылып жатқан инвестициялар көлемі тұрақты өсім көрсетуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында (2022 жылғы 10-11 мамыр) Мемлекет Басшысының қатысуымен 40 ең ірі түрік холдингтері мен іскер топтарының басшыларымен арнайы жиын ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға қатысқан түрлі секторларда жетекші позицияларға ие түрік бизнесі өкілдерінің жалпы жылдық капитал айналымы 95 млрд. долл. құрайды. Жиын шенберінде Мемлекет Басшысы «Koс Holding», «TAV Havalimanları Holding», «Yildirim Holding», «Goknur Gida» және «Sembol» іскерлік топтарымен екіжақты кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, Президент түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан және перспективалық ірі жалпы 16 инвестициялық жобамен танысты.
Мемлекет Басшысының аталған сапары барысында екі ел кәсіпкерлері арасында құны 1,4 млрд. долл. құрайтын 20 инвестициялық келісімдер мен 10 өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қойылды.
Үкіметаралық экономикалық комиссия
Екі жақты экономикалық қарым-қатынастарды ілгерлетудің тиімді тетігі болып Қазақстан мен Түркия арасындағы Үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясы (ҮЭК) саналады.
ҮЭК-ның тең төрағалары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.Смайылов және Түркия Республикасының Вице-Президенті Д.Йылмаз.
2022 жылғы 4 наурызда Астана қаласында Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аясында бірлескен Үкіметаралық экономикалық комиссиясының 12-ші отырысы өтті.
Тараптар ҮЭК жұмысы қорытындысы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жоспарын бекітті.
тест тест тест
тест тест тест;
тест тест тест;
тест тест тест.
Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы бастамасымен және TÜRSAB қолдауымен 2024 жылғы 22 қазанда алғаш рет Қазақстанның туристік әлеуетін таныстыруға арналған арнайы форум ұйымдастырылды. Форумға Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты. Іс-шара аясында қазақстандық туристік орталықтар, қонақ үйлер, туроператорлар, Air Astana әуе компаниясы, Ақтау халықаралық әуежайы және Түркияның 120-дан астам туризм саласының өкілдері бас қосты. Форум барысында Қазақстанның мәдени, тарихи және табиғи туристік мүмкіндіктері таныстырылып, нәтижесінде екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.
2024 жылғы 13 желтоқсанда Түркістан облысының туристік әлеуетін ілгерілетуге арналған қазақ-түрік туристік дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шараға екі елдің туристік агенттіктері, қонақ үй бизнесі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Türk Hava Yolları, Albayrak Medya Group, Bozdağ Film, Jolly Tur, Tatilsepeti, Coral Travel және Polin Waterparks компанияларымен туризм, медиа және туристік инфрақұрылым бағыттары бойынша екіжақты кездесулер ұйымдастырылды;
2024 ж. «İhlas Medya Grubu» қатарына кіретін «Ülke Televizyonu» каналы өз қаражаты есебінен Қазақстанға іс-сапары ұйымдастырылып, еліміздің туристік әлеуетін Түркияда танытуға бағытталған деректі фильмдер түсірді. Нәтижесінде, Түркістан, Шымкент, Алматы және Астана қалалары туралы 8 деректі фильм түсіріліп, телеканалдың прайм-тайм уақытында бір апта бойы көрсетілді;
2025 ж. 7-10 тамызда Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен таныту мақсатында (түрік тарапы есебінен) «İhlas Yayın Holding» медиа холдингіне қарасты «TGRT Belgesel» медиа каналы өкілдерінің Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан туралы деректі фильм түсіру үшін танымдық іссапары ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша Түркістанның тарихи жерлері туралы 5 бөлімнен тұратын деректі фильм әзірленді;
2025 жылғы 18 қаңтарда Қазақстанның табиғаты мен мәдени мұрасын Түркияда кеңінен насихаттау мақсатында Ыстанбұл қаласында «Janym Qazaqstan» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылып, іс-шараға 400-ден астам жергілікті көрермен қатысты;
2025 жылғы 29 қаңтарда Citix компаниясының қолдауымен Ыстанбұлда «Kazakhstan: Born Bold» атты кең ауқымды жарнамалық кампания бастау алды.
Сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту мақсатында Бас консулдықтың қолдауымен Түркияның Körfez Сауда палатасының 41 компания өкілінен құралған делегациясының Астана қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылды (24 сәуір 2025 ж.).Сонымен қатар, Түркия экспорттаушылар қауымдастығымен бірлесіп Алматы қаласында 18түрік өндірушісі қатысқан ірі B2B іс шара өткізілді, оның барысында отандық кәсіпорындармен шамамен 200 ге жуық келіссөз жүргізілді (21 қазан 2025 ж.);
Бас консулдық Қазақстандық компаниялардың халықаралық көрмелерге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Бал Текстиль» компаниясының Carpet Flooring Expo (7–10 қаңтар 2025 ж.)көрмесінде жеке Bal Carpet павильонын құрып, қатысуына қолдау көрсетті. Сондай-ақ Astana Hub бірлесіп Eurasia Technology Week шарасына 5 қазақстандық IT-стартаптың қатысуы қамтамасыз етілді (16–19 сәуір 2025 ж.). Іс-шара барысында Bilisim Vadisi, The Hood Tekmer және Kosgeb институттарымен Қазақстан технологияларының Түркия нарығына шығуын кеңейту мәселелері бойынша консультациялар өткізілді. Бұдан басқа, Halal Expo 2025 халықаралық көрмесінде халал өнімдер секторында жұмыс істейтін 10 қазақстандық компанияның қатысуы ұйымдастырылды (25–28 қараша 2025 ж.). Түркия Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесімен бірлескен дөңгелек үстел өткізіліп (11 сәуір 2025 ж.), оған 30-дан астам түрік кәсіпкері қатысты.Cондай-ақ «4-ші Халықаралық сапалы өнімдер форумы» аясында Қазақстанның экспорттық әлеуеті таныстырылды (4 қазан 2025 ж.).
Кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Даму» Қоры (30 мамыр 2025 ж.) және Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдерінің Ыстанбұлға сапары ұйымдастырылды.
Қазақстандық тауарлардың Түркия нарығындағы орнын кеңейту мақсатында Түркияның жетекші ірі сауда желілері Sok, A101 және Migros компанияларымен байланыс орнатылып, отандық өнімдерді ілгерілету және экспорттық жеткізілімдерді арттыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.
Сонымен қатар, сауда-экономикалық мүдделерді халықаралық экономикалық алаңдарда қорғау мақсатында Ыстанбұлда өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (10 сәуір 2025 ж.), Түркі мемлекеттері ұйымының (тұрақты негізде), Ислам ынтымақтастығы ұйымының (4 қараша 2025 ж.) және Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (26 қараша 2025 ж.) отырыстарына қатысу қамтамасыз етілді.
Түркияның бизнес құрылымдарымен өзара іс-қимыл жүйелі түрде жолға қойылған. Өзара ынтымақтастық негізінен салалық қауымдастықтар мен іскерлік бірлестіктер арқылы жүзеге асырылады, олардың қатарына Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі (DEIK), Тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы (MUSIAD), Ыстанбұл сауда палатасы (ITO), Түркия экспорттаушылар ассамблеясы (TIM) және Түркия сауда-өнеркәсіп палаталары және биржалар одағы (TOBB) кіреді. Сондай-ақ аталған ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкілдіктері арқылы да өзара ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
Экспорт көлемінің жоғары қарқынмен өсуі Түркия нарығында қазақстандық өнімдерге сұраныстың тұрақты екенін және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге зор мүмкіндік бар екенін көрсетеді.