GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Екіжақты ынтымақтастық
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Все материалы
14 октября 2026
Шетелдегі отандастар арасында өтетін «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауы туралы
  1. Байқаудың негізгі мақсаты

«OQ Startup» үздік жобалар байқауы ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге арналған байқау.

Негізгі мақсаты шетелдегі отандастар мен этникалық қазақтардың төл жобаларын Қазақстанда таныту, өзара байланыс орнатуына ықпал ету және шығармашылығына қолдау көрсету.

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

           Байқауға 15-30 жас аралығындағы шетел азаматы болып табылатын ұлты қазақ отандастар қатыса алады;

  1. Байқауға ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы жобалар қабылданады;
  2. Қатысушы өз жобасын таныстыру үшін төмендегі материалдарды ұсынуы қажет:
  3. Жобаның таныстырылымы:
  • ұзақтығы 2 минуттан аспайтын көлденеңінен түсірілген MP3 немесе MOV форматындағы бейнеролик немесе көлемі 10 слайдтан аспайтын PPTX немесе PDF форматындағы презентация.

Бейнеролик немесе презентацияда жобаның негізгі мазмұны, өзектілігі, мақсаты, кімдерге бағытталғаны, іске асыру жолдары және күтілетін нәтижелері қысқаша әрі түсінікті түрде көрсетілуі тиіс.

  1. Жоба туралы қысқаша анықтама (PDF форматында).

Анықтамада міндетті түрде келесі ақпараттар қамтылуы қажет:

  • жобаның атауы;
  • жобаның өзектілігі және шешуге бағытталған мәселесі;
  • жобаның мақсаты;
  • жобаның негізгі міндеттері;
  • мақсатты аудиториясы (жоба кімдерге арналғаны);
  • жобаны іске асыру тетігі және негізгі іс-шаралары;
  • жобаны іске асыру мерзімі;
  • күтілетін нәтижелері;
  • жобаны іске асыру үшін қажетті ресурстар.

Егер жобаны іске асыру үшін қаржыландыру қажет болса, қатысушы PDF құжатында сұралатын қаражат көлемін және оның нақты сметасын көрсетуі тиіс. Сметада әрбір шығын бабының атауы, саны, бірлік құны және жалпы құны көрсетілуі қажет.

Ұсынылатын бейнеролик немесе презентация жобаны қысқа әрі нақты таныстыруға, ал PDF форматындағы анықтама жобаның мазмұнын толық түсіндіруге мүмкіндік беруі тиіс.

Байқауға іске асырылуы басталған, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан, сондай-ақ іске асырылуы жоспарланған жобалар қатыса алады.

Жоба бұрыннан іске асырылып жатқан жағдайда, қатысушы оның қазіргі нәтижелері, қол жеткізген көрсеткіштері және жобаны одан әрі дамыту жоспары туралы ақпарат ұсынуы қажет.

Ал іске асырылуы жоспарланған жоба бойынша оның мақсаты, міндеттері, іске асыру кезеңдері, мерзімі және күтілетін нәтижелері нақты көрсетілуі тиіс.

  1. Жұмыстар Oqbaiqau@gmail.com эл-поштасында қабылданады;
  2. Қатысушы жұмысын өзі туралы ақпаратпен қоса (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын университеті мен курсы, жасы) 30 қазан 2026 ж. дейін жіберуі керек;
  3. Қатысушы жұмысын жібере отырып Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде (Facebook, Instagram, Telegram) және ресми сайтында жұмысының жариялануына келісім береді.
  4. Байқауға жұмыстар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады.

III. Байқау мерзімі

Байқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 30 қыркүйектен
бастап 30 қазанға дейін қабылданады. Қазылар алқасы байқау аяқталғаннан кейін 30 күннің ішінде жеңімпаздарды анықтайды.

  1. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

Байқау қорытындысы бойынша үздіктер төмендегідей марапатталады.

1 орын – Ноутбук, диплом

2 орын – Планшет, диплом

3 орын – Смарт-сағат, диплом

Ынталандыру сыйлығы: Үстел ойыны (Бестемше), марапаттау

 

25 сентября 2026
Исламабадта Қазақстан Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің қайғылы қаза болуына байланысты қазақ халқына көңіл айтылды

Исламабад, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Әскери қызметшілердің қайғылы қаза табуына және Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялануына байланысты Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінде Мемлекеттік Ту төмен түсіріліп, көңіл айту кітабы ашылды.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде орын алды. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы жағдайының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан 17 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті, олардың 14-і қаза тапты.

Қаза тапқандарды еске алып, Қазақстан халқына қолдау білдіру үшін Елшілікке дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, шет мемлекеттердің әскери қолбасшылық өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.

Көңіл айту кітабына Пәкістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Елші Б. Хайи, Беларусь Республикасының Пәкістандағы Елшісі А. Метелица, Ресей Федерациясының Пәкістандағы Елшісі А. Хорев, Әзербайжанның Пәкістандағы Елшісі И. Давудов, Тәжікстанның Пәкістандағы Елшісі Ю. Шарифзода, Түркияның Пәкістандағы Елшісі И. Незироглу, Румынияның Пәкістандағы Елшісі Д. Стоенеску, Палестинаның Пәкістандағы Елшісі З. Заид, АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Н. Бейкер, Қырғызстанның Уақытша сенімді өкілі А. Тілебалиев, Ресей Федерациясының әскери атташесі В. Фенченко, Ирактың әскери атташесі генерал-майор М. Аббас, АҚШ-тың әскери атташесі бірінші рангты капитан Н. Амирал, Жапонияның әскери атташесі Т. Такэси, Малайзияның әскери атташесі Н. Бинотман, Әзербайжанның әскери атташесі Э. Мовсумов, Мысырдың әскери атташесі М.Файез, ЮНИСЕФ өкілі әрі БҰҰ-ның Пәкістандағы Тұрақты үйлестірушісінің м.а. П. Айронсайд, Малайзия, Оман, Мысыр, Өзбекстан, Түрікменстан және Непал елшіліктерінің дипломаттары, сондай-ақ Пәкістанның сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көңіл айту жазбаларын қалдырды.

Келушілер қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына терең көңіл айтып, осынау қаралы сәтте Қазақстан халқымен ынтымақтастықтарын білдірді.

Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі орны толмас қазаның қайғысын бөлісіп, көңіл айту және қолдау сөздерін жеткізген баршаға шынайы ризашылығын білдіреді.

21 августа 2026
Қазақстан Елшісі Пәкістан Президенті және Премьер-министрімен кездесті

Исламабад, 2026 жылғы 21 тамыз – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафиннің дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты 10 тамызда Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесу өтті, ал 20 тамызда Елшіні Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари қабылдады.

Кездесулер барысында Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф Елшіліктің қызметіне жоғары баға беріп, қол жеткізілген елеулі нәтижелерді атап өтті және 2026 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапарының маңыздылығына ерекше тоқталды.

Пәкістан басшылығы атқарылған жұмыс үшін ризашылығын білдіріп, өзара мүдделілік тудыратын барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделі екенін растады.

Өз кезегінде Елші Пәкістан басшылығы мен халқына көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысы мен ризашылығын білдіріп, бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеруге ықпал еткенін атап өтті.

18 августа 2026
Қазақстан Елшісінің Пәкістан Президентінің баспасөз хатшысымен кездесуі

Исламабад, 2026 жылғы 17 тамыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Ислам Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Мұртаза Солангимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, екі елдің медиа қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударды.

Елші М. Солангиге көрсетіп келе жатқан қолдауы және Қазақстан мен Пәкістанның бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың осы жылғы ақпан айында Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдер мен меморандумдарды практикалық тұрғыда іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаласты.

03 августа 2026
Қазақстан Елшісі Пәкістанның мемлекеттік Әділет министрімен кездесті

Исламабад, 2026 жылғы 31 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Әділет жөніндегі мемлекеттік министрі А.Маликпен кездесті.

Жүздесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібін, сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған сапарлар мен іс-шараларды талқылады.

Сұхбаттасушылар мемлекеттік органдар деңгейінде ғана емес, сондай-ақ іскерлік, академиялық, мәдени, ғылыми-техникалық қауымдастықтар, спорт федерациялары және өзге де салалар арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Осы тұрғыда, ең алдымен, екі елдің уәкілетті органдары арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Құқықтық ынтымақтастықтың өзара қызығушылық тудыратын нақты бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстан мен Пәкістанның әділет министрліктері өкілдері арасында келіссөздер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

31 июля 2026
Пәкістандық бизнес топтары Қазақстанмен химия саласында ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіруде

Исламабад, 2026 жылғы 29 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Төраға Харун Әли Хан бастаған Пәкістанның химиялық өнімдерін өндірушілер қауымдастығының делегациясын қабылдады.

Кездесу барысында тараптар химия саласындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын талқылады. Қауымдастық басшысы Пәкістан компаниялары шығаратын қызметтің негізгі бағыттары мен өнімдері туралы айтып берді. Қазақстанға экспортты жолға қоюға, сондай-ақ химия саласын ұсынатын отандық өндірушілермен бірлесіп кәсіпорындар ашуға қызығушылық білдірілді.

Өз кезегінде Елші Е.Қыстафин сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі туралы айтып берді. Елші Қазақстанның инвестициялық ахуалына, бизнесті жүргізу үшін қолда бар іскерлік мүмкіндіктерге және құрылған қолайлы экожүйеге жеке тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауымдастық төрағасы мен мүшелері ағымдағы жылы Қазақстанға келуге ниет білдірді.

30 июля 2026
Қазақстан мен Пәкістан цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Исламабад, 2026 жылғы 30 шілде - Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жөніндегі федералдық министрі Шаза Фатима Хаваджамен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар соңғы уақытта қол жеткізілген нәтижелерді оң бағалап, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласындағы Қазақстан-Пәкістан өзара іс-қимылының дәйекті дамуын атап өтті.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылғы 3–4 ақпанда Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен ПИР Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударылды.
Екіжақты өзара іс-қимылдың практикалық нәтижелерінің бірі ретінде ағымдағы жылғы 6 шілдеде Гуджранвала қаласындағы GIFT университетінің базасында алғашқы Қазақстан-Пәкістан жасанды интеллект орталығының ашылуы атап өтілді. Сондай-ақ Astana Hub пен Ignite ұлттық технологиялық қоры арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, екі елдің IT-компаниялары мен стартаптары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту перспективалары қарастырылды.
Федералдық министр Пәкістан тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге және екі елдің бейінді ведомстволары, даму институттары мен технологиялық компаниялары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға мүдделілігін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға және цифрлық технологиялар саласында өзара тиімді жобаларды іске қосуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

30 июля 2026
Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Исламабад, 2026 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Жоғары білім беру комиссиясының (HEC) төрағасы, профессор, доктор Нияз Ахмад Ахтармен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар соңғы жылдары қол жеткізілген нәтижелерді оң бағалап, жоғары білім саласындағы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты даму қарқынын атап өтті.
Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту перспективаларына, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер алмасуына ерекше назар аударылды.
HEC басшысы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Исламабадқа сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында Пәкістанның білім беру гранттары қорына (Pak-EEF) 1 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлгені үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Ол сондай-ақ Пәкістанның федералдық білім беру және кәсіптік даярлау мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі В.Қамардың Қазақстанға сапарының қорытындыларын жоғары бағалады. Сапар аясында Қазақстанның ресми органдары мен жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен нәтижелі келіссөздер өткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нақты жобалармен және бастамалармен толықтыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

30 июля 2026
Пәкістанның Теңіз істері жөніндегі Федералдық министрімен кездесуіне қатысты

Исламабад, 2026 жылғы 28 шілде - ҚР ПИР Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Теңіз істері жөніндегі Федералдық министрі Мухаммад Джунаид Анвармен кездесті.

Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Өңірлік өзара байланыстылықты тереңдету және халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жүк тасымалы көлемін ұлғайту және логистикалық бағыттарды әртараптандыру мақсатында күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.

Федералдық министр көлік байланысын нығайтуға және екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мен сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделілігін растады.

Сонымен қатар, Министр Елшіге Пәкістан тарапының Араб теңізі жағалауында орналасқан теңіз инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

29 июля 2026
Қазақстан Елшісінің Исламабадты дамыту басқармасының төрағасымен кездесуі өтті

Исламабад, 2026 жылғы 29 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабадты дамыту басқармасының (Capital Development Authority, CDA) төрағасы әрі Исламабадтың Бас комиссары (Chief Commissioner, Islamabad) Сохаил Ашрафпен кездесті.

Кездесу барысында Елші сұхбаттасын Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі күн тәртібімен таныстырып, 2026 жылғы ақпанда өткен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Пәкістанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындылары туралы ақпарат берді. Әңгіме барысында қол жеткізілген уағдаластықтар мен өңіраралық өзара іс-қимыл аясындағы перспективалы екіжақты жобаларға ерекше назар аударылды.

Тараптар Астана мен Исламабад қалаларының әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, цифрландыру, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, білім беру, қалалық инфрақұрылымды дамыту, қалаларды көгалдандыру, сондай-ақ екі ел астаналарының сауда-өнеркәсіп палаталары мен іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнату бағыттарындағы өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды.

CDA төрағасы С.Ашраф аталған бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, екі қала арасындағы әріптестікті кеңейту бастамасын қолдады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды іске асыру мақсатында 2026-2027 жылдары екі ел астаналарының өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастыруға уағдаласты.

 

Социальные сети
Официальная страница в Facebook
Официальная страница в Twitter
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары