Исламабад, 28 наурыз 2024 жыл. ҚР ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Ұлттық деректер базасы және тіркеу басқармасына (NADRA) барды, онда NADRA төрағасы генерал-лейтенант Мұхаммед Мунир Афсармен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында Nadra басшылығы компанияның міндеттері мен ағымдағы қызметі, Пәкістанда және шетелде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық презентация ұсынды. Сондай-ақ Пәкістан азаматтарының ұлттық сәйкестендіру карталарын өндіруде қолданылатын технологиялар көрсетілді.
Өз тарапынан Е.Қыстафин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін атап өтіп, «электрондық үкіметті» дамытудың қазақстандық тәжірибесі және азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы онлайн форматта қол жеткізілген прогресс туралы айтып берді.
Әңгімелесу барысында екі тарап ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша жақын арада Nadra-ның Қазақстанның уәкілетті ұлттық компанияларымен келіссөздерін ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.