
Исламабад, 2023 ж. 14 қыркүйек. Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Пәкістан гольф федерацияларының президенттері арасында онлайн-кездесу ұйымдастырылды.
Сұхбат барысында тараптар ҚР және ПИР гольф федерациялары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, федерациялар арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою, турнирлердің күнтізбесімен алмасу, сондай-ақ жақын арада екі елде өтетін шағын турнирлерді ұйымдастыру мәселелер қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Елші Е. Қыстафин екі тарапқа сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, бұл ынтымақтастық тек спорт саласында ғана емес, туризм, бизнес және т.б. бағыттарда дамуға ықпал ететінін атап өтті.