
Кездесу барысында тараптар үстіміздегі жылы Пәкістанда «Nobel Fest»-ті ұйымдастыру мәселесін талқылады. Қазақстан Елшісі білім беру саласындағы екі жақты ынтымақтастық ерекше назарда екенін атап өтті, осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтты.
Үстіміздегі жылдың 8 шілдесінен бастап Алматы мен Лахор қалалары арасында тікелей әуе рейстерінің ашылғандығы туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, қазақстандық делегация мүшелері С.Нұгербеков, Р.Кенжеханұлы «Nobel Fest»-ті Исламабад қ. өткізуге байланысты жоспарлармен бөлісті, осындай дәрежегі халықаралық іс-шара Пәкістанның білім саласындағы әлеуетін нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде, COMSTECH Бас Үйлестірушісі Доктор Икбал Чоудри «Nobel Fest» Хатшылығымен жасалып жатқан жұмыстар туралы хабар берді, Пәкістан академиялық орталарының осы іс-шараны өткізуге жоғары қызығушылығын атап өтті.
Пәкістан Президенті, өз кезегінде, алға қойылған жоспарларға жоғары баға берді, жаңа технологиялардың, жасанды интеллекттің дамуын және т.б ескере отырып, білім беру саласындағы тәсілдерді концептуалды қайта қарау маңыздылығын атап өтті. Пәкістан басшысы қолда бар айтарлықтай әлеуетті ескере отырып, қазақстандық-пәкістандық ынтымақтастықтың оң қарқынына қанағаттанғанын айтты.
Баспасөз-релиз