Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Балужистанға алғашқы сапарын жасады

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Балужистанға алғашқы сапарын жасады

Кветта, 2022 жылғы 22 маусым - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин провинцияның астанасы Кветта қаласында болып, Балужистанға алғашқы сапарын жасады.

Сапардың бірінші күні Елшіні провинция губернаторының міндетін атқарушы – провинциялық Ассамблеясының спикері Мир Жан Мухаммад Жамали және Балужистанның Бас хатшысы Адул Азизом Укали қабылдады. Кездесулерде Қазақстан мен Балуджистан арасында сауда, ауыл шаруашылығы, өндіруші салалар, білім беру саласында, жергілікті өкілді және атқарушы билік органдары деңгейінде ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды. Осы мақсатта делегациялармен алмасу және елдеріміз арасындағы тауарларды жеткізу үшін көлік инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі атап өтілді.

Мир Жан Мухаммад Жамали мырза Қазақстанға тікелей байланыстар орнату және ынтымақтастықты дамыту үшін жергілікті парламентшілер мен бизнесмендерден тұратын өңір делегациясын жіберуге ниет білдірді.

Е.Қыстафин, өз кезегінде, әңгімелесушілерді 2021-2022 жылдары өткен ағымдағы екіжақты күн тәртібі, іс-шаралар, алдағы перспективаға арналған жоспарлар туралы хабардар етіп, Балуджистан басшылығы айтқан ұсыныстарды қолдай отырып, провинцияның саяси топтары мен іскерлік элитасын Қазақстан-Пәкістан екіжақты әріптестігін арттыруға белсенді ат салысуға шақырды.