
Исламабад, 2021 жылғы 9 қараша – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабал қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасына барып, оның Президенті Шакил Минур мырзамен және оның мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Палата Президенті Қазақстанның мұндай ұйымдарымен ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделілік білдірді.
Е. Қыстафин B2B форматындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті, Исламабадтың СӨП мүшелерін алдағы іс-шараларға белсенді қатысуға, сондай-ақ өз өкілін ҚР мен ПИР екіжақты іскерлік кеңесі құрамына ұсынуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің бизнес және инвестициялық жобалары туралы тұрақты негізде ақпарат алмасуға уағдаласты.