Қазақстанның Пәкістандағы азаматтары тап болған дағдарыс немесе төтенше жағдайда Қазақстан азаматы алдымен Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігіне келесі сенім телефоны арқылы хабарласуы керек:
- +92 51 226 29 20
- +92 313 509 29 89
Пәкістандағы ҚР азаматтары төтенше жағдайлар кезінде келесі байланыс деректерін пайдалана алады:
- Police: 15
- Margalla Police Station, Sector F-8: +92 51 926 15 10
- Deputy Chief Police Intendant for Diplomatic Protection: +92 340 046 01 58 or +92 312 516 9567
- Pakistan Ministry of Interior hotline: +92 51 920 75 44
- Fire service: 16
- Gas Service: 1199 (or for Islamabad: +92 51 925 77 10)
- Ambulance: 1122
Пәкістандағы ҚРазаматтары үшін төтенше жағдайдағы тәртібі мен нұсқаулары:
- Жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған жағдайда дереу Елшілікке хабарласу қажет (ҚР Елшілігінің байланыс деректерін өзіңізбен бірге алып жүріңіз).;
- Хаттамаларға немесе басқа құжаттарға шет тілінде қол қоймаңыз, егер олардың мазмұнын түсінбесеңіз;
- Шекарада кедендік декларацияны толтыру қажеттілігі туралы хабардар болыңыз;
- Саяхатқа қатысты барлық құжаттардың көшірмелерін сақтаңыз. Олар басқа құжаттардан бөлек сақталуы керек;
- Құжаттардың сандық көшірмелерін ұялы телефонға сақтаңыз;
- Ұлттық паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайда, Елшіліктің консулы сіздің жеке басыңызды растағаннан кейін Сізге Қазақстанға қайту туралы куәлік береді;
- Консул ҚР азаматтарының туыстарына Пәкістандағы жазатайым оқиға, ұстау, қамауға алу, ҚР азаматының қайтыс болуы туралы хабарлайды;
- Лахордағы төтенше жағдай кезінде Сіз Лахор қаласындағы "Kazakhstan House Lahore” (https://kazakhstanhouse.pk/) хабарласа аласыз:
- нөмір: 042-37118111
- мекен-жай - 23 GPO Chowk Mall Rd, Mozang Chungi;
- Егер Cізге білікті заңгерлік кеңес қажет болса, Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігіне хабарласыңыз
Пәкістандағы Қазақстан азаматтарына арналған жалпы ұсыныстар
- Төлқұжатыңыздың жарамдылық мерзімін тексеріп, қажетті кіру визасының болуын қамтамасыз етіңіз;
- Паспорттың бүлінуін, дақтарын және рұқсат етілмеген жазбаларын тексеріңіз; паспорттың жағдайы жақсы болуы керек;
- Төлқұжатыңызды үнемі өзіңізбен бірге алып жүріңіз және оны кепіл ретінде пайдаланыңыз;
- Төлқұжатыңыз жоғалған немесе ұрланған жағдайда өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын басқа құжаттарды алып жүріңіз, 2-3 фотосуреті бар (балаларыңыздың суретін қоса);
-Пәкістанға сапарыңызға жауапты шақырушы компанияның байланыс деректерін (аты-жөні, мекен-жайы, нөмірі және т.б.) көрсетіңіз және өзіңізбен бірге ұстаңыз;
- Медициналық сақтандыруды мұқият таңдаңыз. Беделді агенттікті таңдап, олармен қамтылған медициналық қызметтерді және қабылдаушы елдегі төлем тәртібін нақтылаңыз;
- Туыстарыңыз бен достарыңызға сапарыңыз туралы алдын-ала хабарлаңыз және оларға елдегі хосттың байланыс деректерін (байланыс телефондары, пошталық мекен-жайы, фирмалық атауы және т. б.) беріңіз;
-Пәкістанның белгілі бір аймақтарына барар алдында Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қызметкерлерімен кеңесіңіз.