Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық оң бағытта дамып, екіжақты қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары мәдениет, білім, ғылым, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары және гуманитарлық алмасулар салаларын қамтитын өзара іс-қимыл жүйелі сипатқа ие болды.

2026 жылғы 3-4 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына жасаған мемлекеттік сапары екіжақты ынтымақтастықтың дамуына елеулі серпін берді. Сапар барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі елдің бейінді мекемелері арасындағы тікелей өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Мәдениет саласындағы ынтымақтастық

 Шарттық-құқықтық базаны қалыптастырудағы маңызды кезеңдердің бірі 2023 жылғы желтоқсанда Астана қаласында өткен Қазақстан-Пәкістан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысы аясында екі мемлекеттің бейінді ведомстволары арасында мәдениет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту мақсатында 2026 жылғы 4 ақпанда 2026-2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, оған қол қойылды. Аталған құжат екіжақты мәдени алмасуларды одан әрі жандандыруды және бірлескен бастамаларды іске асыруды көздейді.

Мемлекеттік сапар аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Пәкістан Ұлттық өнер академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат шығармашылық байланыстарды дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға, сондай-ақ музыкалық білім беру және өнер салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігі қызметінің басым бағыттарының бірі – қазақ мәдениетін, ұлттық өнерін және тарихи мұрасын кеңінен насихаттау.

2023 жылдың соңында Астана қаласында Абай Құнанбайұлының пенджаби, белуджи, синдхи және пушту тілдеріне аударылған «Қара сөздерінің», сондай-ақ алғашқы қазақ-ағылшын-урду тілдеріндегі тілашардың таныстырылымы өтті.

2024 жылғы 22 сәуірде Исламабад қаласындағы Пәкістан Ұлттық кітапханасында Елшілік Абай шығармасының аталған аудармалары мен тілашардың таныстырылымын ұйымдастырды. Іс-шара Пәкістан жұртшылығын Қазақстанның әдеби мұрасымен таныстыруға және екі халық арасындағы мәдени-тілдік байланыстарды кеңейтуге ықпал етті.

Мәдени дипломатияда қазақстандық кинематографияны ілгерілету маңызды орын алады. 2024 жылғы 31 қаңтарда Исламабад қаласында Елшіліктің ұйымдастыруымен урду тіліне аударылған «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи фильмінің көрсетілімі өтті. Іс-шараға Пәкістанның ресми, іскерлік және академиялық топтарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Көрсетілім заманауи Қазақстанға арналған фотокөрмемен қатар өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Pakistan Television Corporation (PTV) мемлекеттік телеарнасының басшылығымен фильмді теледидар арқылы көрсету үшін беру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Кейіннен фильм телеарнаға жеке сериялар түрінде ұсынылды.

2024 жылғы 24 мамырда Пәкістан Ұлттық өнер кеңесінде (Pakistan National Council of the Arts, PNCA) «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи кинодилогиясының екінші бөлімінің урду тіліндегі көрсетілімі өтті.

2024 жылғы 28 маусымда Қазақстан Елшісінің Лахор қаласына жұмыс сапары аясында Пенджаб провинциясының ресми, іскерлік және академиялық топтарының өкілдеріне арналған «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің қосымша көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар музыка өнері саласындағы ынтымақтастық кеңеюде. 2024 жылғы наурызда Наурыз мерекесі қарсаңында Radio Pakistan (FM 101) радиостанциясының эфирінде алғаш рет қазақ күйлері мен Құрманғазы атындағы оркестрдің орындауындағы музыкалық шығармалар шырқалды.

Ғылыми-білім беру және академиялық ынтымақтастық

Қазақстан мен Пәкістан ғылым және білім беру саласындағы өзара іс-қимылды екіжақты негізде, сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитеті (COMSTECH) және Оңтүстіктің орнықты дамуы үшін ғылым мен технологиялар жөніндегі комиссиясы (COMSATS) сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде жүзеге асырады.

Академиялық байланыстарды дамытуда екі мемлекеттің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды рөл атқарады.

Маңызды бірлескен іс-шаралардың бірі 2020 жылғы 21-22 желтоқсанда Исламабад қаласында өткен көрнекті ғалым әрі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция – әл-Фараби жаһандық форумы болды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының қолдауымен, Пәкістан Президенті Ариф Алвидің қатысуымен өтті.

2023 жылғы 28-29 қыркүйекте Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры, профессор Жақсылық Сабитов Пәкістанға сапар жасап, Қазақстан тарихы және Орталық пен Оңтүстік Азия арасындағы тарихи байланыстар тақырыбында ғылыми семинарлар өткізді. Кездесулер барысында екі өңір халықтарының тарихи мұрасы мен ортақ мәдени-өркениеттік байланыстарын бірлесіп зерттеу перспективалары талқыланды.

2026 жылғы ақпанда Қазақстан Президентінің Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында Елшілік Халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп, түркі әлемі мен Оңтүстік Азия арасындағы тарихи, мәдени және өркениеттік байланыстарға арналған «Түркі әлемі және Пәкістан» атты ғылыми зерттеулер жинағын дайындап, басып шығарды.

Аталған бастама ғылыми диалогты тереңдетуге, зерттеушілер арасындағы байланыстарды кеңейтуге және ортақ тарихи-мәдени мұраны насихаттауға бағытталған.

Ақпарат саласындағы ынтымақтастық

Екіжақты қатынастардың перспективалы бағыттарының бірі – Қазақстан мен Пәкістанның бұқаралық ақпарат құралдары мен бейінді мемлекеттік құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

2025 жылғы сәуірде Қазақстан-Пәкістан сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасының Ақпарат және телерадио хабарларын тарату министрлігі арасында ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат бейінді ведомстволар арасында тікелей байланыстар орнатуға, ақпараттық материалдар алмасуға және екі елдің жетекші медиа құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға шарттық-құқықтық негіз қалады.

Осы жұмыстың практикалық жалғасы ретінде 2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Президентінің Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында ынтымақтастық туралы екі құжатқа қол қойылды:

«Хабар» агенттігі» АҚ мен Pakistan Television Corporation (PTV) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Пәкістанның Associated Press of Pakistan (APP) ұлттық ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Қол жеткізілген уағдаластықтар жаңалықтар, талдамалық және аудиовизуалды материалдар алмасуды кеңейтуге, бірлескен медиажобаларды іске асыруға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және екі ел жұртшылығының бір-бірі туралы хабардар болу деңгейін арттыруға алғышарттар жасайды.

Гуманитарлық өзара іс-қимыл

Қазақстан-Пәкістан қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі дәстүрлі түрде өзара гуманитарлық қолдау көрсету болып табылады.

Қазақстан табиғи апаттардың салдарын еңсеру мақсатында Пәкістанға бірнеше рет көмек көрсетті. Атап айтқанда, 2005 жылғы жойқын жер сілкінісінен кейін Пәкістан тарапына 52 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді.

2010 жылы Қазақстан Үкіметі Пәкістандағы ауқымды су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 100 мың АҚШ долларын бөлді. Қаражат Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы аударылды.

2011 жылғы ақпанда Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағымен Пәкістанға азық-түлік пен шатырларды қоса алғанда, қосымша 41 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді.

Өз кезегінде, 2020 жылғы 14 мамырда Пәкістан Үкіметі COVID-19 пандемиясымен күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді.

Мұндай бастамалар екіжақты қатынастардың дәстүрлі достық сипатын және мемлекеттердің күрделі жағдайларда бір-біріне қолдау көрсетуге дайындығын айғақтайды.

Ынтымақтастықтың перспективалары

Қазіргі кезеңде Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл жекелеген іс-шараларды өткізуден бейінді мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, шығармашылық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында тұрақты ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыруға көшуімен сипатталады.

2026 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қойылуы екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту үшін қосымша институционалдық алғышарттар қалыптастырды.

Алдағы кезеңдегі негізгі күш-жігер 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іс жүзінде іске асыруға, академиялық және шығармашылық алмасуларды кеңейтуге, бірлескен мәдени іс-шаралар өткізуге, ұлттық тарихи-мәдени мұраны насихаттауға, сондай-ақ екі елдің жетекші медиа құрылымдары арасында жүйелі өзара іс-қимыл орнатуға бағытталатын болады.

Тұтастай алғанда, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Қазақстан мен Пәкістан халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда, қолайлы қоғамдық ахуал қалыптастыруда және көпқырлы екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуда маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.

Документы
Келісім
18 июля 2001
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі
Соглашение между Министерством образования и науки Республики Казахстан и Министерством образования Исламской Республики Пакистан о сотрудничестве в области образования
Үкімет Қаулысы
26 ноября 1992
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі
О создании межправительственной Казахско-Пакистанской совместной комиссии по торгово-экономическому, научно-техническому и культурному сотрудничеству
Новости
Полезные материалы
Роза Бағланова
Ахмет Байтұрсынұлы
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Официальная страница в Facebook
Официальная страница в Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары