
Өзара тауар айналымының өсуі көрсетіп отырғандай, сауда-экономикалық ықпалдастықтың кеңеюі байқалып отыр.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында екіжақты сауда айналымының көлемі 28 млн. 170 мың АҚШ долл. тең түсті. Оның ішінде Қазақстан импорты – 21 млн. 579,4 мың АҚШ долл., ал экспорт – 6 млн. 590,6 мың АҚШ долл. тең.
Исламабад Қазақстанның жәрдемдесуі арқылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің нарығына өз тауарларын ілгерілетуге аса мүдделі.
Өзара ықпалдастықтың жаңа сапалы деңгейіне ауысу мақсатында 2020 жылғы 27-28 ақпан аралығында Исламабад қаласында Қазақстан-Пәкістан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 9-ші отырысы өтті, бұл іс-шара екі елдің экономикалық әлеуетін іске асырудағы рөлі ерекше маңызға ие.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың басымды бағыттарын айғақтайтын бірлескен Хаттамаға қол қойылды.
Қазақстан жағынан Комиссияның теңтөрағасы – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрышев Шахрат Шәкизатұлы, ал Пәкістан жағынан – Пәкістанның Сыртқы істер министрлігінің Хатшысы Сохейл Махмуд болып табылады.
ПИР Премьер-Министрі Н.Шарифтің 2015 жылғы 25-26 тамызда Қазақстанға жасаған ресми сапарының барысында Пәкістан делегациясының құрамына келесі бизнес топтар кірді: Кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасы; тоқыма өндірісі: «Group of Companies», «Diamond Textile Mills», «Khaadi», «Al Karam»; фармацевтика: «Getz Pharma», «Indus Pharma», «Broox Pharma»; пищевая промышленность: «Iftikhar & Co»,«Union Fruits», «FA International», спорттовары: «Rasco Impex», «Maxima Industries», кожевеная продукция: «Nova Leather», «Siddiq Leather Works (Pvt) Ltd».
Құрамында 12 адамы бар Пәкістан делегациясы аймақтық экспорттаушылар үшін ұйымдастырылған және ірі іс-шара болып табылатын Орталық Азия сауда форумына (2015 ж. 28-29 қазан, Алматы) және 2015 жылғы 4-6 қарашада Алматыда өткен «World Food Kazakhstan» 18-ші Орталық Азиялық халықаралық көрмесіне қатысты.
ҚР Исламабадтағы Елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің жәрдемдесулеріменен, 2016 жылғы 13-15 мамыр аралығында «Rixos Almaty» қонақ үйінде Пәкістанның сауда керуені (Road Show) өткізілді.
Аталған іс-шараны ПИР Коммерция министрлігінің қолдауымен ПИР Сауданы дамыту агенттігі Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) перспективті нарықтарына Пәкістан тауарларын ілгерілету үшін ұйымдастырды.
Пәкістанның ресми делегациясының құрамына ПИР бірқатар құзыретті министрліктері мен ведомстволары (Коммерция министрлігі, ПИР Сауданы дамыту агенттігі, сондай-ақ, ПИР Сауда өнеркәсіп палатасы) кірді.
Жалпы, көрме жинағына ПИР-дің 50-ден астам компанияларының өнімдері, соның ішінде, тоқыма және тері бұйымдары, жиһаз және қолөнер туындылары, фармацевтика, хирургиялық және стоматологиялық аспаптар кірді.
Іс-шара бағдарламасына Пәкістан өнімдерінің презентациясы да жасалды. ПИР алдыңғы қатарлы компаниялары жетекшілерінің Қазақстанның іскер топтарымен келіссөздері ұйымдастырылып, Пәкістанның маңдай алды дизайнерлерінің сән киім үлгілерінің көрсетілімі өтті.
Сонымен қатар, Қазақстанның алдыңғы қатарлы 300 ден астам компанияларының өкілдері ПИР тауар өндірушілерінің «Road Show» шарасына қатысты.
ҚР Исламабадтағы Елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің жәрдемдесулеріменен, 2016 ж. 10-13 қараша аралығында Алматы қаласының «Атакент» көрме кешенінде «Пәкістанда жасалған» атты көрме ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараны ҚР және ПИР басшылығының тапсырмасын іске асыру және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын кеңейту шеңберінде АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің қолдауымен ПИР Сауданы дамыту агенттігі және Харипур қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.
Көрме жинағына ПИР-дің 35-тен астам компанияларының өнімдері, соның ішінде, тоқыма және тері бұйымдары, жиһаз және қолөнер туындылары, азық-түлік, ауыл шараушылық және спорт тауарлары, фармацевтика, хирургиялық және стоматологиялық аспаптар кірді.
Аталған іс-шараға ПИР Сауданы дамыту агенттігінің және Харипур қаласының Сауда өнеркәсіп палатасының және Пәкістанның іскер топтарының өкілдері қатысты.
Банк саласындағы ынтымақтастық бойынша да бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. 2002 жылы Алматыда ПИР Ұлттық Банкінің (коммерциялық банк) – «Пәкістанның Алматыдағы Ұлттық Банкі» - серіктес банкінің ашылуынан кейін, 2009 жылы оның өкілдігі Қарағандыда және 2011 жылы Қаскелен қалаларында да ашылды.
ПИР өкілдері Астана экономикалық форумның барлық отырыстарына қатысты.
Бүгінгі таңда, Қазақстанда Пәкістан капиталының қатысуы бар 70-тен аса кәсіпорын тіркелген. Негізінен аталған кәсіпорындар кең қолданыстағы тауарларды көптеп сату, туризм, құрылыс, жарнамалық қызмет салаларында қамтылған.