Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты ынтымақтастық

ҚАЗАҚСТАН-ПӘКІСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ

(анықтама)

Мемлекетаралық қатынастардың тарихы

Пәкістан 1991 жылы Қазақстан Республикасының егеменді мәртебесін мойындаған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды.

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы (ПИР) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 24 ақпанда орнатылды.

1994 ж. 27 қарашадан бастап ПИР астанасы Исламабад қаласында ҚР Елшілігі жұмыс жүргізуде.

ҚР-дың ПИР-дегі алғашқы Төтенше және Өкілетті Елшісі белгілі қазақстандық ғалым-заңгер Айтмұхамбетов Тамас Қалмұхамбетұлы болды.

Кейін Пәкістандағы қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы лауазымын әр жылдары Б.Н. Нарбаев (1999-2003), Б.О. Исабаев (2003-2006), Б.С. Шабарбаев (2006-2018), Б.К. Садықов (2018-2019), А.А. Рахметуллин (2019-2021) атқарды.

2021 жылғы 18 мамырдан бастап ҚР-дың ПИР-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі - Е.С. Қыстафин.

Сондай-ақ, Астана қаласында ИРП Елшілігі жұмыс жүргізіп жатыр.

2023 жылғы 2 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ПИР-дің ҚР-дағы Елшісі Науман Башир Бхатти (дипломатиялық миссияның он бірінші басшысы) болып табылады.

Саяси саладағы өзара іс-қимыл

Қазақстан-Пәкістан екіжақты қарым-қатынастарын дамыту үшін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1992 және 2003 жылдары Пәкістанға ресми сапарлары үлкен маңызға ие болды.

Өз кезегінде Қазақстанға әр уақытта Пәкістан басшылары ресми/жұмыс сапарларымен келді:

- ПИР Премьер-министрі Беназир Бхутто (1995 ж. 23-25 тамыз);

- ПИР Президенті Фарук Легари (1996 ж. 28-30 қазан);

- Первез Мушарраф ПИР Үкіметінің басшысы (2000 ж. 6-7 қазан);

- ПИР Премьер-министрі Юсуф Раза Гилани (2011 ж. 6-7 қыркүйек);

- Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шариф (2015 ж.25-26 тамыз);

-  Н.Шарифтің Астанадағы ШЫҰ Саммитіне қатысу үшін Қазақстанға сапары барысында Пәкістан ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі мәртебесін алды. Сонымен қатар, Премьер-министр «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты (2017 ж. 8-10 маусым);

- Қазіргі кезде ПИР-дің марқұм Президенті Мамнун Хусейн ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатына қатысты (2017 ж. 9-12 қыркүйек).

Пәкістан басшылары ірі халықаралық іс-шараларға қатысу мақсатында Қазақстанға бірнеше рет барды.

Жоғары деңгейдегі соңғы сапарлар 2022 жылғы 13 қазанда ПИР Премьер-Министрі Ш.Шарифтің АӨСШК-нің Алтыншы саммитіне қатысуы шеңберінде, сондай-ақ 2024 жылғы 3-4 шілдеде Астана қаласындағы ШЫҰ саммитіне қатысуына орай өтті.

2021 жылғы тамыз айының басында Пәкістан тарапы Қазақстан тарапына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың атына Пәкістанға келуге шақыра отырып, ПИР Президенті А. Алвидің хатын жолдады.

2021 жылғы қыркүйек айының екінші жартысында Пәкістан тарапына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жоғарыда аталған шақыру хаты үшін алғыс хат жолданды. ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың Ислам Республикасына ресми сапары 2024 жыл ішінде өтеді деп күтілуде.

Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасының негізінде ҚР мен ПИР арасындағы дипломатиялық және консулдық қатынастарды орнату туралы келісім және ҚР мен ПИР арасындағы өзара қарым-қатынас қағидаттары туралы Декларация жатыр.

Айта кету керек, 2021 жылдың күзінде ПИР Үкіметі Пәкістан басшылығы бес басым бағыт – саясат, сауда және инвестициялар, энергетика және байланыстар, қауіпсіздік пен қорғаныс, азаматтар арасындағы байланыс бойынша өңірлік өзара байланыс шеңберінде үлкен мән беретін «Орталық Азияға көзқарас» («Vision of Central Asia») бастамасын жариялады.

Осыған байланысты Пәкістан үшін Орталық Азияның ірі экономикасы – Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамыту ерекше маңызға ие.

Тараптар 2020 жылғы 28 ақпанда Исламабадта, 2023 жылғы 26 маусымда Астанада және 2024 жылғы 19 қарашада Исламабадта өткен сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде Қазақстан-Пәкістан саяси консультацияларының 1-ші, 2-ші және 3-ші раундтары барысында саяси диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады.

2022 жылғы 11-13 желтоқсанда ПИР Ұлттық Ассамблеясының Спикері Раджа Первез Ашрафтың шақыруымен Парламент Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың Исламабад қаласына жасаған алғашқы сапары ҚР мен ПИР қатынастарындағы маңызды оқиға болып табылады. Сондай-ақ, Төраға ПИР-дің алғашқы тұлғаларымен кездесті.

2023 жылғы мамырда Астана қаласында Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының Спикері Р.П. Ашрафтың жауап сапары жоспарлануда.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен адам құқықтарының күн тәртібін күшейтуді ескере отырып, тараптар ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі екі елдің Адам құқықтары жөніндегі уәкілдерінің өзара іс-қимылы болып табылады.

2023 жылғы 11-13 қыркүйекте Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) Азия омбудсмендері қауымдастығының (АОҚ) Директорлар кеңесінің және Бас Ассамблеясының отырысы өтті, оның барысында өңірлік қауымдастықтың тұрақты мүшелеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қабылданды. Бүгінгі таңда АОҚ–қа 45 мемлекет (13 қыркүйектен бастап-Қазақстан), оның ішінде Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Армения, Ресей Федерациясының жекелеген субъектілері (Татарстан, Дағыстан және т.б.) кіреді.

Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселе өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңіраралық тұрақты өзара іс-қимыл болып қала береді. Бұл тұрғыда қауіпсіздік құрылымдарының – ҚР және ПИР ҚК Хатшылықтарының іс-қимылдарының екіжақты келісілуі маңызды рөл атқарады.

2021 жылғы 3 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ә.Исекешевтің ПИР Премьер-Министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Кеңесшісі Моид Юсуфпен кездесуі өтті. Іс-шараға ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыхан да қатысты.

2022 жылғы 1-2 сәуірде Пәкістан тарапының шақыруымен ҚР ҚК жаңадан тағайындалған хатшысы Ғ. Нұрдәулетов онлайн-форматта Исламабад қауіпсіздік форумына қатысты.

2022 жылғы 18-19 тамызда ШЫҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшылықтарының отырысында ҚР ҚК хатшысы Г.Нұрлаулетов пен ПИР Федералды Үкіметінің Ұлттық қауіпсіздік бөлімінің хатшысы Амир Хасанмен екіжақты кездесуі өтті.

Көпжақты халықаралық алаңдарда тараптардың кездесулері екі елдің жан-жақты ынтымақтастыққа бағытталған бағытының өзгермейтіндігі мен сабақтастығының дәлелі болып табылады.

2021 жылғы 30 наурызда Душанбеде «Азия Жүрегі» 9-шы министрлік конференциясының аясында Ауғанстан бойынша Ыстанбұл процесі аясында Қазақстан сыртқы істер министрі М.Бескенұлы мен Пәкістан сыртқы істер министрі Ш.М. Курешидің екіжақты кездесуі өтті.

2021 жылғы 1 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатарынан қазақстандық парламентшілер тобы Исламабадта өткен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы Бас конференциясының 2-ші отырысының жұмысына (онлайн форматта) қатысты.

2021 жылғы 14 шілдеде ШЫҰ СІМК шеңберінде Душанбеде М. Тілеуберді мен Ш.М. Курешидің екіжақты кездесуі қайта өтті. Пәкістан тарапына 2021 жылғы 11-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен АӨСШК СІМК шақыру хатының түпнұсқасы берілді.

2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбедегі ШЫҰ саммиті аясында ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен Пәкістан Премьер-Министрі Имран Ханның екіжақты кездесуі өтті.

2021 жылғы 19 желтоқсанда ИЫҰ СІМК-нің Ауғанстан бойынша төтенше отырысына қатысу үшін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш.Нұрышевтің сапары өтті.

2022 жылғы 22-23 наурызда Исламабадқа ИЫҰ СІМК-нің 48-ші сессиясына қатысқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация келді.

2022 жылғы 29 шілдеде Ташкент қаласында ШЫҰ СІМК барысында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді мен жаңадан тағайындалған ПИР Сыртқы істер федералды министрі Б.Бхутто-Зардаридің екіжақты кездесулері өтті.

2022 жылғы 16 қыркүйекте ШЫҰ МБК шеңберінде Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ПИР Премьер-Министрі Ш. Шарифпен екіжақты кездесуі өтті.

2022 жылғы 11-15 қазанда климаттың өзгеруіне арналған Парламентаралық Одақтың 145 Ассамблеясы шеңберінде Кигали қаласында (Руанда Республикасы) ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.С. Құспан Ұлттық Ассамблеяның Спикері Р.П. Ашрафпен кездесті.

2022 жылғы 22-23 қарашада Раббат қаласында (Марокко) Өркениеттер Альянсының 9-шы форумы шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ. Омаровтың Пәкістан Ислам Республикасының Мемлекеттік сыртқы істер министрі Хина Раббани Кхармен кездесуі өтті.

2023 жылғы 5 мамырда ШЫҰ СІМК-нің аясында Панаджи қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртлеу мен ПИР федералды сыртқы істер министрі Б. Бхутто-Зардаридің кездесуі өтті.

2023 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртлеу мен ПИР федералды сыртқы істер министрі Джалил Аббас Гиланидің кездесуі өтті.

2024 жылғы 3 сәуірдегі Астана қаласында ШЫҰ мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 19-шы кездесуі шенберінде ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен ПИР Премьер-министрінің кеңсесі жанындағы Ұлттық қауіпсіздік бөлімінің хатшысы Вакар Ахмадтың кездесуі өтті.

2024 жылғы 20-21 мамырда Астана қаласында ШЫҰ СІМК алаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.А. Нұртілеу мен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.И. Дарның кездесуі өтті.

2024 жылғы 3-4шілдедеАстанадаШЫҰСаммитініңотырысынақатысушеңберінде ПИР Премьер-МинистріШ.Шариф басқаратын пәкістандықделегация болды.

2024жылғы20-22тамыздаИсламабадқаласындағы АӨСШК Қазақстанның төрағалығышеңберіндеАӨСШКБасхатшысыҚ.Ш. Сарыбайсапармен болды.

2024жылғы15-16қазандаИсламабадта(Пәкістан)ШЫҰҮБК-нің 23-шіотырысыаясындаҚРПремьер-министріО.Бектеновпен ПИР Премьер-МинистріШ.Шарифтіңкездесуі өтті.

2024ж. 12-13қарашадаБакуде(Әзірбайжан) «COP29»Климаттықсаммиті аясында ҚРПрезиденті Қ.ТоқаевтыңИРППремьер-МинистріШ. Шарифпенкездесуіөтті.

2024 жылғы 3 желтоқсанда экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің СІМК-нің 28-ші отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.А. Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Пәкістан Ислам Республикасының Федералды Сыртқы істер министрі Мухаммед Исхак Дармен кездесті.

2025 жылғы 7 наурызда Джидда қаласында (САК) Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Ә. Нұртілеу ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясы аясында Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Федералдық сыртқы істер министрі Мухаммад Исхак Дармен кездесу өткізді.

Кездесулер барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі талқыланды.

Тұтастай алғанда, Қазақстан мен Пәкістанның әлемдік саясаттың өзекті мәселелері бойынша жақын немесе сәйкес ұстанымдары бар, бұл халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ЭЫҰ және т.б. шеңберіндегі тиімді мемлекетаралық өзара іс-қимыл үшін негіз болып табылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазіргі уақытта сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және энергетика салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты іске асырудың негізгі тетігі Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) болып табылады.

Осы уақытқа дейін тараптар Үкіметаралық комиссияның он үш отырысын өткізді, оның соңғысы 2025 жылғы 29 сәуірінде Исламабад қаласында өтті.

Қазақстан тарапынан комиссияның тең төрағасы ҚР Көлік министрі, ал Пәкістан тарапынан ПИР Экономика істері министрі болып табылады.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарда оң динамика байқалуда.

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 53,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9% - ға жоғары (53,2 млн. АҚШ доллары).

Бұл ретте, Қазақстаннан Пәкістанға экспорт 2,1 есеге өсіп, 11,8 млн. АҚШ долларын құрады, ал Пәкістаннан импорт 11,9%-ға төмендеп, 41,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстанға Пәкістан экспортының негізін цитрус жемістері (8,3 млн. АҚШ доллары), дәрілік заттар (7,4 млн. АҚШ доллары), киім (8,7 млн. АҚШ доллары), сабын (2,3 млн. АҚШ доллары), спортпен шұғылдануға арналған жабдықтар (1,5 млн. АҚШ доллары) және т.б. құрайды.

Қазақстаннан Пәкістан импортына пияз және сарымсақ (5 млн. АҚШ доллары), кептірілген бұршақ дақылдары (2,4 млн. АҚШ доллары), сұлы (1,2 млн. АҚШ доллары), қарақұмық және басқа да дәнді дақылдар (514,9 мың АҚШ доллары), қара металдардан жасалған бұйымдар (524,4 мың АҚШ доллары) басқа майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері (421,1 мың АҚШ доллары) және т.б. құрайды.

Оң үрдіс тек қазақстандық экспорт саласында ғана емес, инвестициялар саласында да оңүрдістербайқалады.

Қазіргі уақытта 5 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде («Spectrum Agro Protein» - Жамбыл облысында құс фабрикасының құрылысы, «Seasons Group» & «Kant Group» - Жетісу облысында еден жабындарын өндіру зауытының құрылысы, «Almoiz industry limited» - қант зауытының құрылысы/жаңғырту, «Fauji Fertilizer Company» - минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу, «TapalTex» - кілем бұйымдарын шығаратын зауыт салу).

Бұдан басқа, Қазақстанда Пәкістан капиталының қатысуымен 254 кәсіпорын жұмыс істейді (Пәкістанның қатысуымен 235 заңды тұлға мен филиал, 19 заңды тұлға мен филиал бірлескен меншік нысанымен).

Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының он төртінші отырысы 2026 жылға жоспарланған іскер топтардың ынтымақтастықты жолға қою мен нығайтуға деген елеулі әлеуеті мен мүдделілігін айғақтайды.

Тараптардың сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылының негізгі факторларының қатарында Іскерлік кеңестің және Сауда және инвестициялар жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырыстары, өткізілетін бизнес-форумдар және екі елдің іскер топтарының өзара жұмыс сапарлары да бар.

Әскери және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Пәкістан әскери және әскери-техникалық саладағы жүйелі ынтымақтастықты дамытуға белгілі бір қызығушылық танытуда.

Осы себепті екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы қатынастар Қазақстан-Пәкістан мемлекетаралық ынтымақтастығының ең өнімді және қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылады.

Әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың негізінде 2012 жылғы 14 қарашада Астана қаласында қол қойылған «Әскери саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум» жатыр. Құжатқа сәйкес ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

- әскери білім беру саласындағы өзара іс-қимыл;

- арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындау;

- әскери-техникалық ынтымақтастық (Қазақстан мен Пәкістанда үнемі өткізілетін «KADEX» және «IDEAS» қорғаныс өнеркәсібінің көрмелеріне өзара бару, сондай-ақ бірлескен жобаларды дамыту).

2024 жылғы қараша айында Равалпиндиде Астанада Қазақстан-Пәкістан бірлескен әскери комиссиясының құзыретіне жататын Әскери саладағы іс-шараларды үйлестіру және ұйымдастыру мәселелері кезекті 9-шы отырысы (штабтық келіссөздер) өтті.

Әскери-техникалық ынтымақтастық ерекше назар аударуға лайық, оны дамыту үшін әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты Комиссия құрылды. Комиссияның Қазақстаннан уәкілетті органдары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Пәкістаннан Қорғаныс өнеркәсібі министрлігі болып табылады. Бірлескен комиссияның бірінші отырысы 2023 жылғы 9-11 мамырда Исламабадта (Равалпинди қ.) өтті.

ҚР ҚК үшін ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының бірі әскери білім беру және кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимыл болып табылады. Қазақстандық әскери қызметшілер Пәкістанда курстық даярлықтан үнемі өтіп тұрады.

2005 жылдан бастап Пәкістанның әскери-оқу орындарында ҚР ҚК 100-ге жуық әскери қызметшілері мен қызметкерлері оқудан өтті, оның ішінде 2020-2024 жылдары 40 адам «қар жағдайындағы іс-қимылдар курсы», «әскери еркін құлау», «ағылшын тілін үйрену курсы», «урду тілі курсы» сияқты курстарда оқудан өтті. 2022 жылғы шілдеде ҚР ҚМ екі офицері ПИР Ұлттық қорғаныс университетінде оқыды.

Өз кезегінде Пәкістан тарапы өзінің әскери қызметшілерін тілдік даярлығы бар «магистратура» бағдарламасы бойынша (орыс тілі курсы – 9 ай) ҰҚУ-да оқытуға қызығушылық танытады.

Екі елдің білім саласындағы қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығын нығайту мақсатында 2024 жылғы 22 сәуірде ҚР ҚМ ҰҚУ мен ПИР ҚБ ҰҚА арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Екі елдің білім саласындағы қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығын нығайту мақсатында 2024 жылғы 22 сәуірдегі ҚР ҚМ ҰҚУ мен ИРП ҰҚУ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум қол қойыпты.

Әскери саладағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының салыстырмалы түрде жаңа және перспективалы бағыты БҰҰ қамқорлығымен Пәкістанның орасан зор тәжірибесі бар бітімгершілік қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Пәкістан бітімгершілік миссияларға әскери контингенттің жетекші жеткізушілерінің бірі болып табылады және осы салада орасан зор тәжірибеге ие.

Пәкістан Қазақстанның бітімгершілік бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетеді және ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін дамыту шеңберінде қажетті көмек көрсетеді.

Исламабадтағы Халықаралық бейбітшілік және тұрақтылық орталығы базасында бітімгершілік операциялар мен әскери бақылаушыларды өткізу курстарының маңызы зор.

 Мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл туралы

Ғылым, білім, спорт, мәдениет, туризм, ақпарат, қайырымдылық салалары екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі салаларының бірі болып табылады.

Тараптар мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың жоғары өнімділігін көпжақты алаңдар шеңберінде көрсетеді, оның ішінде Халықаралық Түркі академиясы, ИЫҰ ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитеті (COMSTECH), оңтүстіктегі тұрақты даму мүддесі үшін ғылым және технологиялар жөніндегі Комиссия (COMSATS), экономикалық ынтымақтастық ұйымының Ғылым қоры (ECOSF).

Халықаралық ұйымдар шеңберінде тараптар тұрақты негізде екі елдің әл–Фараби, Абай Құнанбайұлы, Алама Икбал және Мухаммад Али Джинаның тарихи-мәдени тұлғаларына арналған форумдар өткізеді.

Пәкістанның жетекші университеттерінің алаңдары ҚР басшылығының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформалар туралы Пәкістан жұртшылығын хабардар ету орны болып табылады.

Сонымен қатар, жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру байланыстары, сондай-ақ екі елдің зерттеу орталықтары арасындағы байланыстар нығайтылуда.

2022 жылғы тамызда және 2023 жылғы қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың шешімі бойынша Пәкістан Ислам Республикасына бүкіл ел аумағының 1/3 бөлігін қамтыған дүлей апатқа (су тасқыны) байланысты гуманитарлық көмек (400 мың және 500 мың АҚШ доллары мөлшерінде) ұсынылып, Пәкістан халқы мен Үкіметіне қолдау сөзін сөйледі.

Пәкістан теологиялық және мемлекеттік мекемелерінің (Исламабад халықаралық ислам университеті, Пәкістан Ислам Республикасының Ислам идеологиясы Кеңесі, ПИР Дін істер министрлігі және т.б.) өкілдері дәстүрлі түрде қатысатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының көпжақты форумы – съезі шеңберінде тараптардың жемісті ынтымақтастығы жалғасуда.Спорт саласында тараптардың белсенді өзара іс-қимылы байқалады. Альпинизм саласындағы ҚР және ПИР федерациялары арасында меморандумға қол қойылды (спорттық альпинизм шеңберінде тауға бірлескен көтерілуді жүзеге асыру мәселесі бойынша).

2023 жылғы 20-21 желтоқсанда Астана қаласында өткен ҮАК 12-ші отырысының қорытындысы бойынша туризм және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

20-21 желтоқсанда Астана қаласында өткен Үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысының қорытындысы бойынша туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Өткен жылы екі елдің альпинизм (15.03.2023), теннис (10.12.2023), гольф (15.10.2023), таэквондо (4.12.2023) федерациялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға, сондай-ақ «Qazaq batyry» жекпе-жек өнері академиясы мен «Сух Чан» фитнес-клубы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды (24.07.2023), сонымен қатар 2024 жылы велоспорт (09.06.2024) және шахмат (18.06.2024) федерациялары ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Бүгінгі таңда Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» шығармасы Пәкістанның төрт провинциялық тілінде (панджаби, синди, белудж және пушту) және қазақ-урду тілашары аударылды.Сонымен қатар, Елшіліктің қолдауымен Исламабад және Лахор қалаларында кинотеатрда «Қазақ хандығы» көркем фильмінің урду тіліндегі дубляжы көрсетілді, Лахор қаласында қөрсетілуі жоспарлануда.Ынтымақтастықтың перспективалық бағыты қазақстандық жоғары оқу орындарында пәкістандық талапкерлер санын жыл сайын ұлғайтуға әлеуеті бар білім беру саласы болып табылады (қазіргі уақытта ҚР жоғары оқу орындарында 1500-ге жуық пәкістандық азамат оқиды).Екі ел үшін маңызды оқиғалардың қатарында 2022 жылы екіжақты форматтағы жасырын «жұмсақ күш» ретінде әрекет ететін «Қазақстан - менің екінші Отаным» түлектер қауымдастығының құрылуы болды.2023 ж. қыркүйегінде Қауымдастық мүшелері Қазақстанға барып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің (2023 ж. 22 қыркүйек) қатысуымен өздерінің III отырысын өткізді. 

Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі

Документы
Ақпарат
02 мая 2025
ҚАЗАҚСТАН-ПӘКІСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ
Үкімет Қаулысы
01 июня 2016
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі
О подписании Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Исламской Республики Пакистан о военно-техническом сотрудничестве
Үкімет Қаулысы
11 сентября 2012
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі
О подписании Меморандума между Правительством Республики Казахстан и Правительством Исламской Республики Пакистан о сотрудничестве в военной области
Новости
Полезные материалы
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Екіжақты ынтымақтастық
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Официальная страница в Facebook
Официальная страница в Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары