Меню

Страницы

Статья

Астана Халықаралық Форумы басты спикерлер мен серіктестердің тізімін жариялайды

2023 жылдың 8-9 маусым күндері Елордада Астана Халықаралық форумы өтеді.

Форумның басты тақырыбы: «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында».

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған үздік сарапшылар қазіргі кездегі жаһандық мәселелердің шешімін табу мақсатында жиналады.

Құрметті қонақтар арасында:

  • Мәртебелі Шейх Тамим бин Хамад Аль Тани, Катар мемлекетінің Әмірі
  • Мәртебелі Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасының Президенті
  • Мәртебелі Желька Цвиянович, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы
  • Д-р Нгози Оконджо-Ивеала, Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры (ДСҰ)
  • Одрэ Азуле, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Бас директоры (ЮНЕСКО)
  • Армида Алисжахбана, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхит Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) атқарушы хатшысы
  • Кристалина Георгиева, Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы директоры (ХВҚ)
  • Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының Еуропа, Орталық Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка мәселелер жөніндегі көмекшісі, БҰҰ Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы басшысының міндетін атқарушы
  • Ивана Живкович, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, Әкімшісінің көмекшісі және БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД аймақтық бюросының директоры
  • Хельга Шмид, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы
  • Маргарета Седерфельт, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы
  • Чжан Мин, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы
  • Одиль Рено-Бассо, Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті
  • Масацугу Асакава, Азия даму банкінің (АДБ) президенті
  • Сухейль Мұхаммед Фарадж әл Мазруи мырза, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі
  • Януш Войцеховский, Еуропалық ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссар
  • Мулату Тешоме мырза, Эфиопияның экс-президенті
  • Ласина Зербо мырза, Буркина-Фасоның экс-премьер-министрі
  • Томас Гремингер, швейцариялық дипломат және ЕҚЫҰ экс-Бас хатшысы
  • Дэниел Ергин, S&P Global төрағасының орынбасары
  • Рае Квон Чунг, Ban Ki-moon Foundation for a Better Future қорының директоры және Корея Республикасының климат өзгеруі жөніндегі экс- кеңесшісі бар.

Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді. Халықаралық қоғамдастық АХФ мақсаттары шеңберінде мемлекетаралық ынтымақтастық модельдерін және жаңа жаһандық әріптестіктерді қалыптастыруды көздейді.

Екі күнге созылатын форум барысында барлық қатысушылар 4 негізгі бағыт бойынша мәселелерді шешудің жаңа жолдарын қарастырады:

  • - Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік;
  • - Халықаралық даму және тұрақтылық;
  • - Энергетика және климаттың өзгеруі;
  • - Экономика және қаржы.

Форум аясында жоғарыда аталған бағыттар бойынша 40-тан астам панельдік сессиялар, бейресми пікірталастар және басқа да бағдарламадан тыс іс-шаралар өткізіледі.

Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN.

БҰҰ жоғары деңгейдегі спикерлерді ұсыну және өздерінің бірнеше агенттіктерінің қатысуын қамтамасыз ету арқылы іс-шараға қолдау көрсетеді.

CNN – әлемге танымал жаңалықтар арнасы. Сондықтан олардың стратегиялық медиа серіктес ретінде қатысуы форумға ерекше салмақ береді. CNN жүргізушісі Ричард Квест Пленарлық отырыстың модераторы болады.

Қазақстан үкіметі ұйымдастырған форум EXPO-да орналасқан Конгресс-Центрде, еліміздің көрнекті көрме кешенінде өтеді.

Ескерту

  • Егер сіз форумға қатысуға мүдделі болсаңыз немесе серіктестік туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, бізбен Астана Халықаралық форумының https://astanainternationalforum.org сайты арқылы байланысыңыз.

Бізбен байланыс

  • БАҚ өкілі болсаңыз, Астана Халықаралық форумының БАҚ қолдау қызметімен байланысыңыз: info@astanainternationalforum.com
Дата публикации
01 июня 2023
Дата обновления
01 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
20 марта 2025
Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу
Ақпарат
20 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары