Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-на шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырамау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан мен ҚХР Гонконг және Макао АӘА арасында визасыз режим орнатылған.
  • ҚР азаматтары үшін мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап болу мерзімі "14" күнтізбелік күнді құрайды.
  • Қазақстан Республикасының  жол жүруге жарамды құжаты болып: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты табылады.

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.

Кедендік бақылау:

        ҚХР Гонконг және Макао АӘА аумақтарына алып келуге/алып шығуға тыйым салынған заттар:

  • Есірткі және психотроптық заттар, қауіпті химиялық заттар, қару-жарақ, оқ-дәрілер, отшашулар, стратегиялық шикізат, өңделмеген гауһар тастар, жануарлар, жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер, телекоммуникациялық жабдықтар және азық-түлік өнімдері.
  • Жоғарыда аталған заттарды ҚХР Гонконг және Макао АӘА аумақтарына қолданыстағы лицензиясыз, медициналық анықтамасыз немесе ресми рұқсатсыз кіргізген/шығарған жағдайда жолаушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

  • Тұрақты

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • ҚХР Гонконг және Макао АӘА-да болу кезінде жергілікті заңдарды қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ, болу елінің заңдарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
  • Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстану керек.
  • Шетелдік тілдегі негізгі сөздерді білу, шетелде болуды жеңілдетеді және жергілікті тұрғындар тарапынан құпталады.
  • Болу елі туралы негізгі ақпаратпен танысуға кеңес береміз. Атап айтқанда, саяси жағдай, ауа-райының ерекшеліктері, заңдар мен ұлттық дәстүрлер, қоғамдық орындарда мінез-құлық ерекшеліктері.

Пайдалы ақпарат:

  • Мобильді карталарды алдын ала орнату – Google maps.
  • Электрондық төлем жүйелерінің ерекшеліктері - Wechat pay, Alipay, Kaspi pay, Apple pay.
  • Банк карталарының ерекшеліктері - Visa, Mastercard, Unionpay.
  • SIM картасын сатып алу немесе роумингті қосу қажеттілігі.

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары