![]() |
Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Консулы: Жақсыбай Ақнұр Жанбобекқызы. Байланыс нөмірлері: Жұмыс тел.:+ 852 2548 3841 Ұялы тел.: + 852 6948 3449 (тек төтенше жағдайларда) E-mail: hongkong@mfa.kz |
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.