
Хельсинки 2025 жылғы 12 наурыз - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов «Honka» компаниясының штаб-пәтерінде болып, Бас директор Марко Саарелайненмен кездесті.
«Honka» – экологиялық тазалыққа, энергия тиімділігіне және тұрақты дамуға баса назар аудара отырып, құрылыс саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынатын жетекші фин компаниясы.
Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы заманауи шешімдерге ерекше назар аудара отырып, компанияның Қазақстанда кеңеюі перспективаларын талқылады.
Қазақстандық дипломат Қазақстан нарығындағы қолайлы инвестициялық мүмкіндіктер мен оның әлеуеті туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Қорытындысында тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға және бірлескен жобаларды талқылауға дайын екендіктерін білдірді.