Диалог кедендік қатынастарды одан әрі дамытудың кілті ретінде

Диалог кедендік қатынастарды одан әрі дамытудың кілті ретінде

Хельсинки, 2024 жылғы 19 ақпан – Кеден саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту аясында Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Кеден қызметіне (Tulli) барып, оның Басшысы Сами Ракшитпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты және өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың және кеден саласындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Финляндия арасындағы кедендік қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға өзара дайындық білдірілді.