
Хельсинки, 2025 жылғы 12 ақпан – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия халықаралық қатынастар институтының директоры Хиски Хаукалламен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын қарастырды.
Екі мемлекеттің «талдау орталықтары» арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде талдамалық және ақпараттық материалдарды пайдалану, бірлескен сараптамалық зерттеулер жүргізу, сұхбаттар, тағылымдамалар мен өзара сапарларды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Қазақ дипломаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер туралы, сондай-ақ қазіргі заманғы сыртқы саясат, оның ішінде көпвекторлы курс және Астананың негізгі халықаралық бастамалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Х.Хаукалла қазіргі заманның өзекті және жаһандық сын-қатерлерін шешу үшін елдердің ұстанымдарын жақындастырудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалады.