Қазақстан мен Финляндия парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуда

Қазақстан мен Финляндия парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуда

Хельсинки, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Парламенті Халықаралық істер комитетінің төрағасы Йоханнес Коскиненмен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар парламентаралық екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Парламентшілердің өзара сапарларын ұйымдастыру перспективаларына, сондай-ақ екі ел парламенттерінің достық топтары арасында тығыз байланыс орнатуға ерекше назар аударылды.

А.Әбдіраимов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, оның ішінде ҚР Үкіметінің жақында өткізілген кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша негізгі міндеттер, құқық үстемдігі, сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының маңызды аспектілері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Парламенттің Халықаралық істер комитетінің төрағасы Й.Коскинен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ішкі саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге қолдау білдірді.

Кездесу соңында қазақ дипломаты әріптесін Астана Халықаралық форумына қатысуға шақырды.