
Хельсинки, 2025 жылғы 5 ақпан - Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, «SKYMAX Technologies» компаниясы және финдік «Vaisala» компаниясы арасында кездесу өтті.
«Vaisala» – метеорологиялық және экологиялық өлшеу жүйелерінің жетекші әлемдік әзірлеушісі және өндірушісі. Компания мемлекеттік және жеке ұйымдар үшін инновациялық шешімдерді ұсына отырып, ауа-райын, ауа сапасын және климаттың өзгеруін бақылауға арналған жабдыққа маманданған.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанда «Vaisala» озық технологияларын енгізудің одан әрі мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша экологиялық мониторинг және табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, Елшілік пен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының басшылығы финдік «Nisula» ағаш кесу компаниясының негізін қалаушы Али Нисула және Эса Нисуламен кездесу өткізді. Сапар аясында Қазақстан өкілдері «Nisula» зауытына барып, хартвесторлық бастар мен ағаш дайындау жабдықтарын шығарудың өндірістік процесі мен технологияларымен танысты.
«Nisula»-мен келіссөздер Қазақстанның орман шаруашылығын механикаландыру, тиімді және экологиялық ағаш дайындау үшін заманауи технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға бағытталды. Тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.