Қазақстан-Финляндия қатынастары орталығындағы инвестициялық әріптестік

Қазақстан-Финляндия қатынастары орталығындағы инвестициялық әріптестік

Хельсинки, 2025 жылғы 5 ақпан – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимов  «EastCham Finland» Халықаралық сауда палатасының басшылығымен - Бас директоры Яана Реколайнен және Директор Тарья Тейттиненмен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Инвестициялар саласындағы әріптестікті кеңейтуге, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадамдар туралы айтып берді.

Кездесу аясында экономикалық байланыстарды тереңдетуге және фин компанияларын Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға тартуға бағытталған нақты бастамалар қаралды.

Тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдіріп, өзара инвестициялар мен сауда үшін жағдай жасауға ықпал ететін сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.