Қазақстан мен Финляндия ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Финляндия ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Хельсинки, 2025 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимовтың ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының Арнайы өкілі Терхи Хакаламен кездесуі өтті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Елшісі А.Әбдіраимов Финляндияны Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойылғанына 50 жыл толуына орай 2025 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің жауапты миссиясымен құттықтап, жанжалдарды реттеу, шиеленісті әлсірету және сенімді дамытуға бағытталған ұйымдағы фин төрағалығының басымдықтарына қолдау білдірді. Сондай-ақ, тараптар ЕҚЫҰ-ның ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге жоспарланған іс-шараларға дайындық мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының Арнайы өкілі Т.Хакала Хельсинки Қорытынды актісі қағидаттарын, оның ішінде 2010 жылғы Астана Саммитінің қорытынды декларациясын және ЕҚЫҰ-ның басқа да негізгі құжаттарын іске асырудың маңыздылығын, сондай-ақ ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтті.