Қазақстан-Финляндия: Орман саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстан-Финляндия: Орман саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

2024 жылғы 11-14 қарашада Қазақстан Елшісі А.Әбдіраимовтың Виеремя, Кайяяни және Йоэнсуу қалаларына жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында бірқатар финдік компаниялармен және орман өнеркәсібіндегі бизнес өкілдерімен, сондай-ақ Кайяяни қаласының жергілікті басқару органдарымен кездесулер өткізілді.

Маңызды кездесулердің бірі – ағаш кесу техникасын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы Ponsse компаниясының басшылығымен кездесу болды. Кездесуде орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері және осы салада озық технологияларды енгізу үшін мүмкін болатын перспективалар талқыланды.

Сонымен қатар, Елші орман ресурстарын басқаруға мамандандырылған Lahtinen Forest Oy компаниясының басшылығымен кездесті. Тәжірибе алмасу және орман шаруашылығын тұрақты дамыту үшін инновациялық тәсілдерді тарту мүмкіндіктері қарастырылды.

Сондай-ақ, сапар барысында Кайяяни қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры (КАМК) Мати Саренмен кездесу өтті. КАМК-технологиялар, бизнес, денсаулық сақтау және т.б. салаларында жоғары білікті мамандарды даярлау бағытында белсенді жұмыс істейтін білім беру мекемесі.

КАМК Ректорымен кездесуде Қазақстан мен Финляндия арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға бағытталған академиялық алмасу перспективалары мен білім беру саласындағы ынтымақтастық бағдарламалары талқыланды. Сондай ақ, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.