Солтүстік инвестициялық банк Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытуда

Солтүстік инвестициялық банк Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытуда

Хельсинки, 2024 жылғы 6 қараша - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Солтүстік инвестициялық банктің (Nordic Investment Bank) Президенті және Басқарма төрағасы Андре Күйюсвекпен кездесу өткізді.

Солтүстік инвестициялық банк - Скандинавия және Балтық елдері (Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия, Швеция, Эстония, Латвия және Литва) мүше болып табылатын халықаралық қаржы институты. Банктің негізгі миссиясы тұрақты дамуға, технологиялық инновацияларды енгізуге, климаттың өзгеруіне қарсы күреске, айналмалы экономиканы дамытуға және теңіз ортасын қорғауға бағытталған жобаларды қолдау болып табылады.

Кездесуде тараптар Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруды қолдауға бағытталған ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. «Жасыл» экономика, энергетика, су ресурстарын басқару, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымы, сондай-ақ өнеркәсіп секторы сияқты басым салалардағы бастамаларды бірлесіп қолдауға ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізу үшін белгіленген бағыттардағы ұзақ мерзімді және белсенді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.