
Хельсинки, 2024 жылғы 11 қазан – Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Ауыл және орман шаруашылығы министрімен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстанда орман саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ тұрақты орман шаруашылығына қол жеткізуге бағытталған жобалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол орман шаруашылығы саласындағы экологиялық маңызы бар жобаларды қолдауға және орман аумақтарын ұлғайтуға бағытталған инвестицияларды тарту үшін Қазақстан ұсынатын мүмкіндіктер мен жағдайларды атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі ормандарды молықтыру, жаңа жасыл аймақтар құру, заңнаманы жетілдіру және Қазақстандағы орман аумақтарын сақтауға және кеңейтуге бағытталған басқа да маңызды мәселелер сияқты елдер арасындағы одан әрі ынтымақтастық шеңберінде ерекше қызығушылық тудыратын мәселелерге тоқталды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты тереңдету орман шаруашылығы, су ресурстарын басқару және азық-түлік салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайту үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар орман шаруашылығы саласындағы тәжірибе алмасу шеңберінде өзара іс-қимылды жандандыруға уағдаласты, ормандарды басқарудың инновациялық тәсілдерін әзірлеу және осы саланың тұрақты дамуы үшін жағдай жасау жөніндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.