Вантаа қаласында өңіраралық байланыстарды нығайтудың алдағы қадамдары талқыланды

Вантаа қаласында өңіраралық байланыстарды нығайтудың алдағы қадамдары талқыланды

Вантаа, 2024 жылғы 1 қазан – Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов Вантаа қаласының мэрі Пекка Тимоненмен кездесу өткізді.

Вантаа қаласы халықаралық логистикалық хаб және Финляндияның экономикалық өсуінің драйвері болып табылады. Вантаа 2021 жылы Rising Innovative City санатында Еуропалық инновациялық қала ретінде танылды.

Кездесуде тараптар өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайтуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттарға, сондай-ақ көлік-логистикалық ынтымақтастық, тамақ өнеркәсібі, тұрақты даму, жасыл энергетика және инновация мәселелеріне басты назар аударылды.

Қорытындылай келе, тараптар диалогты жалғастырудың және екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, екі жақтың мүддесі үшін серіктестікті дамытуға дайын екендіктерін растады.