
Хельсинки, 30 қыркүйек – Қазақстандық делегацияның сапары аясында Финляндия ІІМ Мемлекеттік хатшысы Антти Салминенмен кездесу өтті.
ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылған сапар киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың тиімді саясаты саласында білім алмасуға және озық тәжірибе беруге жәрдемдесуге бағытталған.
Сапар барысында киберқылмыспен және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстармен күреске тартылған Финляндия Республикасының түрлі мемлекеттік органдарының негізгі өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді.
Қазақстандық тарап Финляндияның Ұлттық полиция басқармасының қызметімен және жұмыс әдістерімен танысты. Сондай-ақ, ведомстволар арасындағы оқыту мен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.
Жалпы, бұл сапар халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудегі маңызды қадам болып табылады, тәжірибе алмасу елге қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге тиімдірек қарсы тұруға және азаматтарды қорғаудың неғұрлым орнықты жүйелерін құруға мүмкіндік береді.