Финляндияда жұмыс істейтін қазақстандық студенттермен және жас мамандармен кездесу өтті

Финляндияда жұмыс істейтін қазақстандық студенттермен және жас мамандармен кездесу өтті

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның жаңа саяси даму бағытымен, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысымен, Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнымен, сондай-ақ қазіргі жағдайы мен Қазақстан-Финляндия екіжақты қатынастарының келешегімен танысты.

 

Жоғары сапалы білім алу, қабылдаушы елдің заңнамасын және университет ережелерін сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Қазақстандық дипломат еліміздің оң имиджін ілгерілетудегі қазақстандық студенттер мен жастардың маңызды рөлін ерекше атап өтіп, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға шақырды.

 

Айта кету керек, біздің жас азаматтар Финляндияның үздік университеттерінде білім алып, Metso, Deloitte, Nokia, Codemate және т.б. сияқты жетекші халықаралық компанияларда жұмыс істейді.