Финляндия Парламентінде парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

Финляндия Парламентінде парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

Хельсинки, 2024 жылғы 27 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Парламентінің Спикері Юсси Халла-ахомен кездесті. Қазақстандық дипломат парламент спикерін Қазақстанда саяси жүйені трансформациялауға, әлеуметтік-экономикалық қайта құруларға, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайтуға бағытталған ауқымды реформалардың іске асырылуы туралы хабардар етті. 

Кездесу барысында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылдың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, парламентарийлер арасындағы байланыстар мемлекеттер арасындағы саяси диалогты жандандыруда маңызды рөл атқаратын саяси ынтымақтастықтың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Осы тұрғыда Финляндия Парламентінде Қазақстанмен жеке Достық тобының оң рөлі атап өтілді.

Сұхбаттасушылар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, су ресурстарын басқару, орман шаруашылығы, білім беру салаларын және елдер арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін қозғады.

Тараптар тұрақты байланыстарды, сондай-ақ Қазақстан мен Суоми арасындағы ашық диалогты қолдау мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.