Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері ірі фин компанияларына ұсынылды

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері ірі фин компанияларына ұсынылды

Хельсинки, 2024 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов фин бизнесімен кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.  

Финляндияның «EastCham Finland» сауда палатасы ұйымдастырған іс-шараға құрылыс, тау-кен, химия, ағаш өңдеу, азық-түлік және ауыл шаруашылығы салаларын ұсынатын ірі финдік компаниялар мен іскер топтардың өкілдері қатысты.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде ҚР-дың табысты әлеуметтік-экономикалық дамуы, Үкіметтің тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі белсенді күш-жігері және олардың көлемі, осы процесті заңнамалық қамтамасыз ету, «Kazakh Invest» АҚ, АХҚО және ҚР-дағы ірі халықаралық корпорациялардың қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ Қазақстанда өңірлік деңгейде ең жақсы инвестициялық ахуалдың бар екендігін және оның тиімділігін атап өтті.

Орталық Азия өңірінің көліктік-логистикалық әлеуетін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік маршрутының сауда қатынастарын арттырудағы және ҚР мен ФР арасындағы іскерлік байланыстарды орнатудағы өсіп келе жатқан рөлі атап өтілді.

Фин бизнесіне шетелдік инвесторлар үшін жаңа ашылатын жолдар, Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын компаниялар үшін қолайлы жағдайлар да таныстырылды.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі Финляндия Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Балтық жағалауындағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылатынын атап өтті. Бұдан әрі екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары ретінде инфрақұрылым, цифрландыру, энергетика, орман шаруашылығы, су ресурстарын басқару, тау-кен өнеркәсібі, білім беру және туризм белгіленді.

Өз кезегінде «EastCham Finland» Бас директоры Я. Реколайнен мұндай іс-шараларды өткізу одан әрі жемісті ынтымақтастыққа серпін беретінін, Қазақстан мен Финляндияның іскер топтары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Финляндияның бизнес-қоғамдастығының өкілдері Қазақстанда инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, қазақстандық серіктестермен байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.