
Хельсинки, 2024 жылғы 10 қыркүйек – Финляндия Парламентінде Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов пен Финляндия Парламентінің депутаты Вилле Скиннаридің кездесуі өтті.
В. Скиннари ФР Парламентіндегі Қазақстан Республикасымен Достық тобының жетекшісі болып табылады. Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі алғаш құрылған топ 2023 жылғы 7 қыркүйекте құрылды.
Қазақстандық дипломат екі елдің заңнамалық органдарында екіжақты саяси өзара іс-қимылдың институционалдық негізін нығайтуға бағытталған достық топтары жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар негізгі мәселелерді талқылап, түрлі салалардағы, ең алдымен сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі практикалық қадамдарын белгіледі. Елдер арасындағы саяси диалогқа серпін беретін екіжақты және көпжақты деңгейлердегі парламентаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды
Қорытындылай келе, тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға деген ортақ көзқарасты растады.