Қазақстан мен Финляндия білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Финляндия білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Хельсинки, 2024 жылғы 27 тамыз – Қазақстанның Елшісі Азамат Әбдіраимов Хельсинки университетінің Ректоры Сари Линдбломмен кездесу өткізді. Хельсинки университеті Финляндияның жетекші жоғары оқу орны болып табылады.

Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы серіктестікті кеңейту бойынша ағымдағы жай-күйді және оның одан арғы қадамдарын талқылады. Су ресурстарын басқару, орман шаруашылығы және климаттың өзгеруі саласындағы мамандарды кәсіби даярлауға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, сұхбаттасушылар халықаралық студенттер алмасу бағдарламасын жүзеге асыру аясында ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастырды.

Кездесу соңында тараптар білім және ғылым саласындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған байланыстарды жандандыруға мүдделілігін растады.