Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Хельсинки, 2024 жылғы 8 тамыз – Қазақстанның Елшісі Азамат Әбдіраимов ФР Сыртқы істер министрлігінде ФР СІМ Азия және Океания істері департаменті Бас директорының орынбасары Микко Кивикоскимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасты.

Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, көлік және логистика саласындағы қатынастарды одан әрі дамыту мәселелеріне, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты дамыту аясында тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті.

Көпжақты ұйымдардағы одан әрі өзара іс-қимыл аясында тараптар Финляндияның 2025 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселелерін талқылады.

Жалпы, тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға, оның ішінде Астана мен Хельсинки арасындағы белсенді саяси диалогты қолдауға сенім білдірді.