Қазақстан мен Финляндия екі ел арасындағы әріптестіктің жалғасуына сенім білдірді

Қазақстан мен Финляндия екі ел арасындағы әріптестіктің жалғасуына сенім білдірді

Хельсинки, 2024 жылғы 5 тамыз – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Республикасы Президенті Кеңсесінің Басшысы Лаури Тиераламен кездесу өткізді.

Қазақстандық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси, әлеуметтік реформалары және Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы әңгімелесушіні хабардар етті.

Әңгіме барысында екі ел арасында қалыптасқан тығыз өзара іс-қимыл мен саяси диалог шеңберіндегі көптеген мәселелер талқыланды. Финляндияның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығы, сондай-ақ Финляндияның Орталық Азия өңірімен ынтымақтастығы мәселелерін бөлек талқылады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы сенімді қарым-қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді.