
Назар аударыңыздар!
Қазақстанда COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу үшін, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылғы 17 сәуірден бастап 57 мемлекеттің, оның ішінде Финляндияныңазаматтарына бір жақты визасыз режим уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзиттік жол жүруші ҚХР мен Үндістан азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режим тоқтатылды.
Жоғарыда аталған өзгерістер 2020 жылғы 1 қарашаға дейін қолданыста болады.
Демек 2020 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстанға сапар шегетін Финляндияның азаматтары ҚР Консулдық мекемелерінің бірі, мәселен Хельсинкидегі ҚР Елшілігі арқылы, тиісті санаттағы визаны алуға тиісті.
Қазақстандық визаны алу тәртібіндегі келесі маңызды өзгеріске назар аударуларыңызды сұраймыз.
Визалар алушының дайын визасы мен төлқұжатын әкету үшін консулдық мекемеге келген сәтіне дейінгі 48 сағат ішінде берілген, виза алушыда коронавирустық инфекция жоқтығын растайтын медициналықанықтаманың негізінде ғана беріледі.
Қазақстан Республикасының визалары ҚР визасын беру тәртібіне сәйкес рәсімделеді.
Финляндия сияқты 48 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға келесі санаттағы бір реттік визаларды шақырусыз (визалық қолдаусыз) алуға мүмкіндігі бар екенін естеріңізге саламыз:
- Қызметтік (A3) – елде болу мерзімі 90 күн;
- Іскерлік (B1) – елде болу мерзімі 60 күн;
- Іскерлік (B3) – елде болу мерзімі 30 күн;
- Жеке (B10) – елде болу мерзімі 90 күн;
- Туристік (B12) – елде болу мерзімі 30 күн.
ҚР визаларын беру тәртібінде көрсетілмеген өзге жағдайларда өтінім берушінің ҚР миграциялық қызметінде рәсімделген шақыруы (визалық қолдауы) болуы міндетті (толығырақ ақпаратты Елшіліктің Консулдық бөлімінен 0417971810 телефон арқылы біле аласыздар).