
Биыл көрнекті Қазақстанның қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, шығыстанушы, жазушы Мұрат Әуезовтің 80 жылдығы аталып өтілуде.
Оның шығармашылығы мен ғылыми еңбектері елімізде ғана емес, шет елдерде кеңінен танымал.
Мұрат Әуезов «Времен связующая нить» (1972), «Иппокрена. Хождения к колодцам времен» (1997) және «Уйти, чтобы вернуться» (2002) атты танымал монографиялардың, сондай-ақ көркемдік үдерістің теориясы мен тәжірибесінің 200-ден астам жарияланымдарының авторы.
Мұрат Әуезов – Қазақстанның мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, заңғар жазушы, «Абай жолы» романының авторы Мұхтар Әуезовтің баласы.