Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы өтетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, Финляндияның аумағында 2023 жылғы 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №304 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Елшіліктің мекенжайы: Unioninkatu 24, 00130 Helsinki.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес, ҚР Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауына қатысу құқығы және ниеті бар азаматтардың №304 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін тиісті деректерді (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Финляндиядағы мекенжайы, байланыс деректерді) «Мәжіліске сайлау-2023» белгісімен келесі электрондық мекенжайға 2023 жылғы 18 ақпанға дейін жіберуіңізді сұраймыз: m.kalambayev@mfa.kz kazconsulfin@gmail.com
Сайлау өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алып келу қажет екеніне назар аударамыз.