
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
COVID-19-бен қалыптасқан қиын жағдайға орай, Қазақстан Республикасының Финляндиядағы Елшілігінің жедел желісін еске саламыз: +358 41 797 1810, 09 4247 2048, эл.поштасы - Helsinki@mfa.kz.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жедел желі ұйымдастырылғанын атап өтеміз. Жұмыс уақытта Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады: +7 7172 72 05 49, +7 7172 72 01 98, +7 7172 72 04 93. Ал жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 7172 72 01 11 (кезекші дипломат) нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде cаll-центр ұйымдастырылғанын да атап өтеміз, оған тәулік бойы хабарласып, коронавирус пандемиясының ахуалы, оның алдын алу шаралары мен аурудың негізгі белгілері бойынша ақпарат алуға болады, телефоны: +7 7172 76 80 43.
Сондай-ақ, Финляндияның Үкіметі коронавирусқа қатысты жалпы сұрақтар бойынша + 358 295 535 535 ұлттық байланыс нөмірін ашты. Ал шекаралық бақылау мәселелері бойынша Фин шекаралық қызметінің +358 50 597 2255 (8:00-18:00) сервистік нөмірі жұмыс істейді.
Аурудың болуы туралы күдік туындаған кезде, тұру мекенжайы бойынша медициналық мекемеге (телефон арқылы) дереу жүгінуге және осы ретте Елшілікті хабардар етуді өтінеміз.
ФР астаналық округіндегі муниципалитеттердің веб-сайттары:
Хельсинки: https://www.hel.fi/uutiset/en/social-service-and-health-care/corona-virus-helpline
Эспо: https://www.espoo.fi/en-US/social_and_health_services
Ванта: https://www.vantaa.fi/news/101/0/149724
Кауниайнен: https://www.infofinland.fi/kauniainen/life-in-kauniainen/health-in-kauniainen
Коронавирустық жұқпа (COVID-19) және осы себепке байланысты Қазақстан мен Финляндияда қабылданған шаралар туралы толық ақпаратты келесі сілтемелер бойынша алуға болады:
|
Қазақстанда |
http://mfa.gov.kz/ru/content-view/-3503 http://www.gov.kz/memleket/entities/dsm http:// www.gov.kz/memleket/entities/miid |
|
Финляндияда |
http://valtioneuvosto.fi/en/frontpage https://thl.fi/en/web/thlfi-en https://raja.fi/en
|
|
ДДСҰ ұсыныстары |
https://www.who.int/ru/emergencies/diseases/novel-...
|
|
Пайдалы телеграмм-арналар |
https://t.me/pressmfakz https://t.me/denminpr https://t.me/miirkz https://t.me/kzcoronavirus |
Сонымен бірге, өзара тиімді және уақтылы ақпарат алмасу мақсатында консулдық есепке тіркелуді сұраймыз. Сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған Whatsapp-тың тобына кіруге кеңес береміз (группаға қосылу үшін Елшіліктің қызметкерлеріне + 358 41 797 1810 немесе + 358 46 610 8647 телефондар арқылы хабарласу қажет), бұл топта тұрақты түрде өзекті ақпарат алмасып, Қазақстан Республикасының азаматтарына қолдау және консулдық көмек көрсетіледі.
Денсаулықтарыңыз жақсы болсын және сақ болыңыздар!